Құрманғазылық сайлаушылардың 50,3%-ы дауыс беріп үлгерді

whatsapp image 2021 07 25 at 14.08.31 Жаңалықтар

     Облыс орталығынан шалғай жатқан ауданның бірі – Құрманғазы ауданы. Мұндағы 6 сайлау округінде 16 кандидат тіркелген.

Сағат 14.30-да аудандағы 9 145 сайлаушының тең жартысы өз таңдауларын жасап үлгерді. Олардың арасында тұңғыш рет дауыс беруші, жас сайлаушы – Жанбота Нұрланова. Жанботаға өзі дауыс берген №197 сайлау учаскесінен ынталандыру сыйлығы ұсынылды.


     Ал №176 сайлау учаскелеріне дауыс берген еңбек ардагерлері – Рая Елеусізова, Амангелді Хилауов, Тұрсын Достыбаев, Асан ауылдық округінің 24 жасар тұрғыны Нұртілек Ерғазыұлы, Ақкөл ауылдық округінен дауыс берген 58 жастағы Роза Жантемірова – бәрі ертеңдерінің еңселі болатынына сенетіндерін, халық сайлаған ауыл әкімдерінің өз ойларынан шығатындарын айтады.
     – Қашаннан жаңалыққа жаны құмар халқымыз бұл жолғы сайлаудан үлкен жақсылық күтетіндерін байқатты. Ел арасында пандемияның орын алғанына қарамастан сақтық шараларын мықтап сақтап, «өз таңдауымды өзім жасаймын!» деп келіп жатқан сайлаушыларымыздың белсенділігін атап өтуіміз қажет. Екі округте – 2, төрт округте 3 кандидаттан бар. Халық осылардың арасынан барлығы 6 әкімді сайлайды. Қазіргі түскі 13 сағаттағы мәлімет бойынша, сайлаушылардың 50,3 пайызы дауыс беріп үлгерді, – дейді Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Гүлмира Рахметуллина.

Лиза Сейтімова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз