Жарнама
ЖаңалықтарБілім

Атыраулық ата-аналар KUNDELIK.KZ -ті пайдаланудан көш бастап тұр

 «Білім беру ұйымдарының күнделікті жұмысына цифрлық өнімдерді енгізу бойынша  жүйелі түрде жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Атырау облысы республика бойынша І орынға көтерілді», деп хабарлайды Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

«Қыркүйек айында «Kundelik.kz»  электрондық журналын ең белсенді пайдаланушылардың республикалық рейтингінде Атырау облысы мектептері 15-орында болатын. Бұл жоғары көрсеткіш – Атырау облысы  Білім беру басқармасы мен облыстық Әдістемелік орталықтың үйлесімді қызметінің  көрінісі.

Аймақтағы 184 білім беру ұйымында электрондық журналдардың сапалы және уақтылы толтырылуын үйлестірудің өзіндік қиындықтары бар екені сөзсіз. Педагогикалық қызметте уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін қолданушылық шеберлік танытқан барша атыраулық ұстаздарға алғысымызды білдіреміз», деді Атырау облыстық Әдістемелік орталығының директоры Данагүл Баймашова.

Айта кетелік, облыс бойынша 196 мектеп бар, соның 184-і пайдаланады. Калған 12 мектеп қағаз түріндегі журнал толтырады.

f863e6234b634857a113091c0e2c64e8 1

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button