Атыраулық ардагерлер алтын төсбелгімен марапатталды

5eaa732332cff Жаңалықтар

Облыстық ардагерлер кеңесінің екінші пленумы өтті. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен жиынға «Ардагерлер ұйымы» Орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары және басқарма басшылары қатысты.

Ардагерлер қауымы өмірлік тәжірибесін елдің болашақ игілігіне арнап, мемлекетті нығайтуға әркез атсалысып келеді. Кешегі қаңтар қасіреті кезінде де облыс ақсақалдары жұртқа ағалық ақылдарын айтып, қоғамдық жұмысқа белсене араласқан болатын. Дегенмен, пленумда сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешовтың айтуынша, әлі де атқарылуға тиісті, табандылықты қажет ететін шаруалар жетерлік.

  • Өткір мәселелер дөңгелек үстел басына жиналумен шешілмейді. Бүгінгі қоғамдағы жастар арасында орын алып жатқан олқылықтар аға буынды ойландыруы керек. Жастардың бойына отансүйгіштік қасиеттерді ұялату, оларды тәрбиелеу жұмыстары кенже қалып жатқаны жасырын емес,-дейді кеңес төрағасы.

Сонымен қатар жиын барысында облыстық кеңестің шығып кеткен мүшелерінің орны жаңа мүшелермен толықты. Жиын соңында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов белсенді ардагерлерді «Ардақты Ардагер» атты алтын төсбелгімен марапаттады.

Диас ТАРАСҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз