Жарнама
ЖаңалықтарМедицинаФОТОГАЛЕРЕЯ

Атыраулық анестезиолог дәрігерлерге шеберлік сағаты өтті (+ФОТО)

Atr.kz/25 қараша, 2019 жыл. Бүгін Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан келген мамандар Атырау облыстық балалар ауруханасының анестезиолог мамандарына шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл шара Нұр-сұлтан қаласындағы «Жұлдыз-ай» медициналық оңалту орталығының бастамасымен және Атырау облыстық денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен қолға алынды.

Санкт-Петербург мемлекеттік педиатриялық мединициналық университетінің балалар клиникалық ауруханасының анестезиология және жансақтау бөлімінің кураторы, медицина ғылымдарының докторы Юрий Александрович пен медицина ғылымдарының кандидаты Дмитрий Заболотский атыраулық дәрігерлерге анестезиология мен реаниматология саласындағы соңғы жаңалықтар мен инновациялар технологиялар және озық әдістер туралы айтты. 

whatsapp image 2019 11 25 at 15.58.57 1
whatsapp image 2019 11 25 at 15.58.57 2

— Бұл іс-шара біздің орталықтың менторлық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама аясында, біз алыс-жақын шетелдерден мамандар шақырып, олардың жергілікті мамандарға шеберлік сағаттарын өткізуін ұйымдастырамыз. Мамандардың халықаралық тәжірибеден хабардар болуын қамтамасыз етуге тырысамыз, — дейді, «Жұлдыз-ай» медициналық оңалту орталығының директоры Ұлжалғас Мұхамбетова.

Психоневрологиялық патологиясы бар балаларды оңалтумен айналысатын орталық жетекшісінің айтуынша, бүгінде халықаралық тәжірибе аталған балаларды ерте оңалту үдерістерінің әлдеқайда оң нәтиже беретінін дәлелдеп отыр.

Осы орайда, орталық еліміздегі перинаталды орталықтар ішінен ерте оңалту кабинеттерін ашуды қолға алған. Әзірге, Нұр-Сұлтан қаласындағы перинаталды орталықта ашылған кабинет, жақын арада Өскемен, Шымкент және Атырау қалаларының да аталған мекемелерінде де ашылатын болады.  

whatsapp image 2019 11 25 at 15.58.58 1
whatsapp image 2019 11 25 at 15.58.57

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button