COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Атыраулық алты науқаспен байланысқандар анықталды
Atr.kz/29 наурыз, 2020 жыл. Атырауда коронавирус жұқтырған алты науқаспен байланысқан 109 адам анықталып, оқшауланды.
Коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтау үшін олардан анализ алынды. Нәтижесінде 67 адамның тесті теріс көрсеткіш көрсетті, ал, қалған 42 байланысушының тест қорытындысы жуық арада белгілі болады.
Жергілікті билік атыраулықтарды оқшаулануға, жеке бас гигиенасын қатаң сақтауға, сондай-ақ халық көп шоғырланатын орындарға бармауға шақырады.
Дереккөз: «Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі»