Жаңалықтар
Атыраулық әйел құрбысының 45 млн теңгесін ұрлаған
Атыраулық полицейлер құрбысын 45 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады.
7 маусым күні полицияға айырбастау пунктінен шыққан, 1980 жылғы әйел адамның 45 млн теңгесін тонады деген хабарлама түскен.
«Полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері шығымданушы ұрлықты өзі ұйымдастырғанын анықтады. Анықталған екі күдікті оның таныстары болып шығып, барлығын мойындаған», — деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ұрланған ақша құрбысына сеніп тапсырған 32 жастағы кәсіпкер әйелге тиесілі болып шықты.
ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.