Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық Айдана Оразымбетова 20 миллионыншы тұрғынның анасы атанды

Қазақстанның 20 миллионыншы  тұрғыны 14 қарашада сағат 08.10-да дүниеге келген. Олар — 3 ұл және 2 қыз бала. ОКҚ брифингі барысында бақытты аналардың есімдері  белгілі болды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Статистикалық мәлімет бойынша, Қазақстан халқының саны 14 қарашада 20 миллион тұрғынға жетті. 20 миллионыншы тұрғынның туған күні барлық демографиялық деректер бойынша анықталған.

Ұлттық статистика мәліметтеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8:10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны болып есептелді. Тарихи датада Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді.

Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев бақытты ата-аналардың тегін айтты.

«Аналардың рұқсатымен  олардың есімдерін айта аламын. Атырау облысында Айдана Оразымбетовада ұл бала дүниеге келді. Ақмола облысында Динара Каренинаның қызы, Түркістан облысында Гүлмира Ізтілеуованың ұлы, ал Ұлытау облысында Әйгерім Молдашованың қызы дүниеге келді. Жетісу облысында Диана Әзімбаеваның ұлы дүниеге келді», — деді ол брифинг барысында.

Бейбіт Есенбаевтың айтуынша, балалар мен аналардың жағдайы қанағаттанарлық және қазір олар үйлеріне шығуға дайындалуда.

«Сәбилерді аналарымен үйлеріне шығару кезінде ерекше үлгідегі туу туралы куәлік беріледі. Сондай-ақ отбасыларға бөбектер арбасы мен  сәбилерге арналған жиынтықтармен марапатталады», — деп қосты ол.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button