Жарнама
ЖаңалықтарБілім

АТЫРАУЛЫҚ ӘДІЛ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЛИМПИАДАДА ТОП ЖАРДЫ

Атырау “Білім-Инновация” ер балалар лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Әділ Сұлтанов дүниежүзілік «STEM» олимпиадасында күміс медаліне ие болды, деп хабарлайды Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Жеңімпаз оқушы 7-сыныптан бастап информатика пәні бойынша олимпиадаға қатысып жүр. Республикалық жарыстан күміс жүлдеге, халықаралықтан қола медальге, еуразиялық жарыстан екі мәрте жеңімпаз атанған.

Халықаралық “STEM”олимпиадасы екі кезеңнен тұрды. Олимпиада үш бағыт бойынша өтті. Бірінші кезеңінен өтіп, финалға онлайн түрде қатысты. Жас ғалым Әділ 7 695 оқушының ішінен екінші орында.

Аталмыш байқауға 95 ел қатысып, 7695 оқушы бақ сынаған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button