Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық 4 жасар бүлдіршін өлең-жырларды жатқа оқып жұртшылықты сүйсінтті (+видео)

…Шеше,

Сен бақыттысың!

Жыламағын.

Жай түсіп жатқанда да құламадың –

деп Мұқағали Мақатаевтың өлеңін тебірене жатқа оқыған атыраулық бүлдіршін көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөлінді.

Сұрастыра келе Сафия Камалидың анасы Ақтүйме Бөлекбаева Қ.Қайсенов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі екенін білдік. Ал, кішкене бүлдіршіннің ата-әжесі Халық-ағарту ісінің озық қызметкерлері.

Анасы қызын мән-мағынасы жоқ мультфильмдерден аулақ ұстап, санасына қазақ тіліндегі ертегі-әңгімелерді, өлең-жырларды сіңіруге тырысады екен.

«Қызымның тілі шыққан сәтінен бастап оған халық ауыз әдебиетін оқи бастадым. Кейін оның ертегілерді жаттап алатынын байқадым. Сол кезден өлең-жырларды жататтым. Қазір жасы 4-те белгілі ақындарымыздың өлеңдерін түгелге жуық біледі» — дейді Ақтүйме Бөлекбаева.

Сафия өте белсенді. Балабақшада, онлайн режимінде ұйымдастырылатын түрлі республикалық​ байқауларға қатысып, вахталық әдіспен жұмыс жасайтын әкесінің алдынан әрдайым «Мақтау қағаздарымен» күтіп алады. Талабы таудай Сафияның болашағынан ата-анасы үлкен үмәт күтеді.

Нұргүл Насыр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button