Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарМедицинаҚоғам

Атыраулық 2082 медицина қызметкеріне үстемақы төленді (+ВИДЕО)

Atr.kz/20 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысында коронавирусқа қарсы күресіп жатқан денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне қосымша үстемақы ретінде шілде айында 800 миллион теңгеден астам қаржы төленді, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

https://youtu.be/354Jr7_9lv8

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, медицина қызметкерлеріне үстемақы әртүрлі көрсеткіште, олардың қызмет ету ортасына қарай төленіп келеді.
«Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, тек өткен айда 2082 медицина қызметкеріне 800 миллион теңгеден астам қаржы үстемақы төленді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес беріліп жатқан бұл қаржылай көмек және ынталандыру медицина саласы мамандарына үлкен қолдау болды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, дәрігерлерге – 850 мың теңге, орта буын медицина қызметкерлеріне – 450 мың теңге, кіші буын сала мамандарына – 250 мың теңгеден наурыз айынан бастап ай сайын үстемақы төленуде» — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.
Айта кетелік, сала мамандарына үстемақы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы арнайы комиссияның шешімі негізінде төленеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button