Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атыраулық бас имам мұқтаж отбасыға пәтер кілтін тапсырды

Atr.kz/31 наурыз, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы Мансұров Индер ауданына сапар аясында асыраушысынан айрылған мұқтаж отбасына пәтер кілтін табыс етті.

Баспана кілтін тапсырып тұрып, Бас имам Батыржан қажы Берденұлы мұсылманның мұсылманға бауыр екендігін, әр қайырымды істің артында сауап жатқанын атап өтті.

20190331091320

Осыдан екі ай бұрын Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Мансұровтың бастамасымен Индер аудандық Әйіп қажы мешіті мұқтаж отбасына баспана алу мақсатында қаржы жинай бастаған болатын. Екі ай ішінде тиісті сома жиналып, мешіт жамағатының және Индер халқының қолдауымен мұқтаж отбасыға екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды.    Жұбайынан айрылған Нұргүл Нұрсейітова бес баланың анасы.

«Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровқа, Әйіп қажы Индер аудандық мешітіне, жергілікті жамағатқа, ауылдастарыма Алла разы болсын. Балаларым өз үйіміздің бар екеніне әлі сене алмай, қуанып жүр», — дейді көп балалы ана Нұргүл Нұрсейітова.

20190331091316

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button