ЖаңалықтарҚоғам
Атыраулық спортшылар Тайландтан жүлделі оралды
Аtr.kz/6 мамыр, 2019 жыл. Атыраулық спортшылар Тайландтан жүлделі оралды.
2-4 мамыр күндері Тайланд елінде ММА аралас жекпе-жек бойынша ашық Азия чемпионаты өтті.
Қазақстан спортшылары рекордтық 7 алтын, 9 күміс және 5 қола медальға ие болып, жалпы командалық есепте бірінші орынға шықты. Оның үш медальін Атырау облысының спортшылары еншілеп отыр.
61,2 келіде Олжас Молдағалиев қарсылас шақ келтірмеді. Ол өзінің керемет бабында екенін дәлелдеп, былтырғы нәтижесін қайталап отыр.
52,2 келіде Ерұлан Қабдулов пен 56,7 келіде Аязбаев Әділхан ақтық сайысқа дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.