Жарнама
БілімЖаңалықтарСаясат

Атыраулық ғалымдар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үндеуіне қатысты пікір білдірді

Atr.kz/ 10 сәуір, 2019 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс Президенттік сайлау өтетіні туралы Үндеуіне байланысты  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлар құрамы да үн қосып, аталған білім ордасында бас қосты.

Президенттік сайлау — ел алдындағы орасан зор маңызға ие тарихи шара. Сондықтан,мұндай тарихи сәтте  әрбір азамат  бұл саяси науқанға аса жауапкершілікпен қарауы қажет. Әрқайсысымыз ел болашағын ойласақ, Президенттік сайлауға бір адамдай атсалысуымыз керек. Осы тұрғыда әңгіме өрбіген басқосуда  университеттің тарих ғылымдарының докторы, профессор Сайфолла Сапанов алғаш болып пікір білдірді.

– Бұл сайлауды кезектен тыс өткізу ел тұрақтылығын қалыптастыруда маңызды фактор. Бұл саяси науқанға партиялар өз кандидаттарын ұсына алады. «Nur Otan» партиясынан ұсынылатын кандидат 23 сәуірде өтетін пария сьезінде белгіленетін болады. Сайлау заң шеңберінде өтеді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, сайлау ашық,таза,әрі әділ өтеді. Сайлауды өткізуге бүгіннен бастап дайындық басталып кетті,-деді Сайфолла Сапанов.

Ал, академик Қадыр Жүсіп бұл шын мәнісінде демократиялық сайлау болатынын баса айтты. «Президенттік сайлауды ұзаққа созбай, бұл туралы шешімнің қазірден-ақ қабылдануы оңды» деді Қадыр Жүсіп.

Сондай-ақ, Бақтыбек Таубаев Қазақ елінің бүгінге дейінгі жүріп өткен жолдарында ел тұтастығы мен бірлігі жатқанын айтты.Алдағы кезеңдерде де осы бірлігімізден ажырамау  қажеттігін атап өтті.
Профессор Асхат Сәлімұлы университет ұжымы кезектен тыс Президенттік сайлауды өткізу жұмыстарында  жетекші күш болатынына сенім білдірді.

Жиынды қорытындылаған университет ректоры Абзал Талтенов:»Бұл саяси науқанды өткізу іс-шараларын ұйымдастыруда барлығымыз атсалысамыз. Сайлаудың ел болашағында аса маңызды науқан екенін жастарға да түсіндіреміз» деді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button