Төтеншеліктер журналистер қауымын құттықтады

IMG 1675 Жаңалықтар

Atr.kz/27 маусым, 2019 жыл. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Аскат Ержанов облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна», «Ақ Жайық» газетінің журналистеріне, «Қазақстан-Атырау, «24 KZ», «Caspian news» телеканалының тілшілеріне, «ATR press» ақпарат агенттігінің тілшісіне, «Атырау» радиосының  редакторына жылы лебізін білдірді.

«Сіздер – қиын да, жауапкершілігі жоғары қызметті таңдадыңыз. Дегенмен, бұл – шығармашылықты қажет ететін саланың бірі. Өздеріңіз дайындаған материалда  өңірімізде орын алып жатқан айтулы оқиғалар көрініс тауып, қоғамды толғандырған көптеген мәселелер өз шешімін тауып жарияланып отырады. Сондай-ақ, билік органына халықпен тиімді қарым-қатынас орнатуға септігін тигізесіз» деді өзінің құттықтау сөзінде Аскат Амангелдіұлы.

Жалпы, құтқарушылардың атқарып жатқан жұмыстарын жариялаудағы БАҚ-тың елеулі үлесін ерекше атай отырып, оларға шығармашылық жетістіктер тіледі.  Шара соңында шақырылған қонақтарды марапаттау рәсімі өтті.

Өз кезегінде азаматтық қорғау органдарының ардагерлер кеңесінің атынан Сейітжан Дүйсекенов журналистер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.

Жанар ҚАРЖАУБАЕВА,

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.

IMG 1630
IMG 1642
IMG 1623 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз