
ЖаңалықтарСаясат
Атыраулықтар кезектен тыс сайлауға қолдау білдірді (+ФОТО)
Atr.kz/12 сәуір, 2019 жыл. «Сұлтан-Бейбарыс» алаңында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қолдау мақсатында Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» Атырау облысы бойынша коалиция кеңесі мүшелерінің бастамасымен гала-концерт өтті.
Түрлі жанрда әннен шашу шашылып, мың бұрала билеген бишілер қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Кеңес мүшелері ҚР Президентінің кезектен тыс жарияланған сайлаудың халық үшін маңыздылығы, еліміздің әрбір азаматының конституциялық құқығы туралы пікір білдірді. Сондай-ақ, «Жастар жылы» мен тұспа тұс келген тарихи сәтте, жастар рөлі туралы айтып, сайлауға қолдау көрсету үшін ұйымшылдыққа, шақырды.
Фархат КАРАПИДЕНОВ.
Суреттер автордікі.





