«Атырауинжстрой» ұжымы атынан ашық хат жолданды
Atr.kz/21 наурыз, 2019 жыл. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа атырау жолшылары ашық хат жолдады.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Қазақстан Республикасында Тәуелсіздік алғалы бері қаншама жолдар салынғанын барша жұрт біледі. Тіпті, дәуірі өткен Совет өкіметі кезінде де 70 жыл ішінде бұндай жолдар салынған жоқ. Басқаны айтпағанда, біздің Атырау облысында қаншама жолдар салынды. Бұрын біздің қаламыз балшықтан көз ашпайтын болса, қазір бізде асфальт төселмеген көше жоқ. Бұның барлығы да Сіздің еңбегіңіз!
Елді- мекендерде жол салып, халық қамын ойлаған Сіз секілді елдің көреген басшысына халықтың ынта- ықыласы ерекше! Өйткені, елдің жеткен жетісітігі, алған асулары Сіздің жүргізген саясатыңыздың арқасы, сіздің пайым- парасатыңызбен келген Жеңіс! Ал, осыны ескерген халықтың Астана қаласын- Нұр- Сұлтан деп өзгертуі әбден орынды мәселе деп түсінген жөн. Ел Еріне елеңдемесе, Ері елін ескеруден қалады дейді қазақ. Міне, атыраулық жолшылар осыны басшылыққа алып, барша қазақстандықтардың тілегін жеткізуді мақсат етті.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Кемеліне келген ел кемеңгер Ерінің есімімен бас қаласын атауды жөн көрді. Бұл баршаның ниетінен туған шынайы ойымыз! Астана қаласын- Нұр -Сұлтан деп өзгерту халық талап етіп отырған бүгінгінің басты талабы деп түсінгеніңіз абзал! Ел тілегі қабыл болсын!