АТЫРАУҒА ЗАҢСЫЗ КІРГЕН 38 ЖАСТАҒЫ ЖЕЗӨКШЕ ҰСТАЛДЫ
Атырауда жезөкшелікпен айналысқан өзбекстандық әйел анықталды.
Криминалдық полиция қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде интернет сайты арқылы жезөкшелікпен айналысқан 38 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматшасын анықтап, ұстады. Тексеріс барысында оның Атырау қаласына заңсыз жолмен кіріп, уақытша тіркеусіз тұрып жатқандығы белгілі болды.
Аталған шетел азаматшасына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабы 1-бөлігімен (Қазақстан Республикасы азаматтарының бір айдан астам мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы) және ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен 1-бөлігімен (Қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ