Атырауда келер жылы 207 көшеге тас жол төселеді

IMG 20171220 WA0016 Жаңалықтар

Биыл облыс орталығында ұзындығы 267 шақырым 330 көше жолы асфальттанып, пайдалануға берілді. Мұндай жұмыстар келер жылы да жалғасып, 220 шақырымды құрайтын 207 көшеге тас жол төселеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкенов баяндады.

IMG-20171220-WA0016

Белгілі болғанындай, әр саласы тұрақты дамып келе жатқан шаһарда барлық меншік түріндегі өнеркәсiптiк кәсiпорындарымен  504 млрд. теңгенiң өнiмі өндiрiліп, нақты көлем индексi 212 пайыз болды. Негізгі капиталға инвестиция тарту көлемі – 803 млрд. теңге. 2018 жылы «Карат» ЖШС-нің  ұн тарту диірмені өндірісі, «Атырау Нефте Маш» ЖШС-нің мырыштау әдісі арқылы таттанудан қорғайтын металл жабындыларының өндірісі, «Lumpan Caspian Pharmaceuticals LLP» серіктестігінің фармацевтикалық зауытының құрылысы сынды үш  жоба жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, шаһар басшысы білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. «Бүгінде үш ауысымдықты жою мақсатында биыл 1358 орындық үш орта мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ал, 924 орынға арналған екі нысанның құрылысы жүргізілуде. Көптеген ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, материалдық техникалық базасы нығайтылуда» деді Серік Жамбылұлы.

IMG-20171220-WA0015

Бұдан басқа қала басшысы Нұрсая, Береке ықшамаудандарынан 3912 пәтерлік 39 тұрғын үйдің құрылысын салу, Балықшы ықшамауданын қаланың орталық жылу жүйесіне қосу, «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында 28 баспананың құрылысын жүргізу және басқа да алдағы жылы атқарылар бірқатар жұмыстар жайында атап өтті. Спорт, мәдениет  саласының дамуына ден қойған Серік Шәпкенов бұл бағыттағы тың жаңалықтарымен де бөлісті.

IMG-20171220-WA0009

–  Тасқала елді мекенінен бір үлкен спорт кешені  және «Кросфит» спорт залдарын салу жоспарлануда. Бұқаралық спортты дамытып, мектеп аулаларынан арнайы алаңдарды салуға, байдарка, велоспортты жетілдіруге көңіл бөлінуде. Мәдени орындарға күрделі жөндеу жүргізіліп, материалдық базалары жаңартылады, – деді С.Шәпкенов.

IMG-20171220-WA0017

Одан әрі журналистердің сауалдарына жауап берген брифинг спикері Жайық жағалауында қайраңда қалған кемелерді шығару үшін олардың әрқайсысының иелері іздестіріліп жатқанын жеткізді. Айтуынша, кемелердің қожайындары табылса, аталмыш мәселені шешу әлдеқайда жеңіл болмақ.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз