Атырауға шетелден 523 жолаушы келді

whatsapp image 2020 10 20 at 09.46.01 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/20 қазан, 2020 жыл. Атырау облысы COVID-19-ға байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Атырауға шетелден келген жолаушылардың ешқайсысынан  COVID-19 анықталған жоқ. Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің мәліметінше, Атырауға 10 -19 қазан аралығында шетелден 5 әуе рейісі ұшып келген. Халықаралық әуе рейспен  барлығы 523 адам келді. Олардың 64-інде COVID-19-ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан карантиндік стационарларға жатқызылды. 

Алайда, барлық жолаушылардан коронавирус жұқпасына сынама алынып, зерттеу нәтижелері теріс болып, ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілді.  

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

whatsapp image 2020 10 20 at 09.45.59
whatsapp image 2020 10 20 at 09.46.00
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз