Жарнама
Жаңалықтар

Атырауға оқушылар тасымалдайтын жаңа автобустар әкелінді

Атырау қаласына балаларды мектепке тасымалдайтын жаңа 23 автобус сатып әкелінді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 Жаңа автобустарды атыраулықтар қала көшелерінің бірінде көріп, әлеуметтік желіге шығарған. Алдағы уақытта қоғамдық көліктер жергілікті білім беру мекемелеріне тапсырылады.  Облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметіндегілер мәлім еткендей, мектеп автобустарын сатып алу үшін бюджеттен 1,1 млрд теңге бөлінген. Тасымал құралдарының кілті алдағы уақытта ресми түрде тапсырылады. Алдағы уақытта қаладан тысқары орналасқан елдімекендерден 4 мың 561 баланы тасымалдайды деген жоспар бар.  Еске салайық, күні кеше Атырауда қала іргесіндегі Жаңаталап ауылындағы Жамбыл атындағы мектептің автобус жүргізушісі бір артқы дөңгелексіз  балаларды тасымалдаған болатын.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Фото: видеодан скрин жасалды

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button