Жарнама
Шаһар шырайыФОТОГАЛЕРЕЯ

АТЫРАУ ЖАҢБЫРДЫҢ АСТЫНДА ҚАЛДЫ… (+фото)

Бірнеше күн қатарынан жауған жаңбырдың салдарынан қала көшелері айдынға айнала бастады. Осыған байланысты облыс орталығында 9-мамырдан бастап мөлшерден тыс жиналған сулардан тазарту жұмыстары қарқын алды.  Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ол үшін «Арнаулы автобаза» және «Атырау Су Арнасы» ЖШС-лері тарапынан 54 вакуум көлігі, 78 адам жұмылдырылып, 40 мың текше су шығарылған. «Тұрғындар тарапынан әкімдікке түсіп жатқан өтініштер көп. Осы орайда, орталық көшелерден бөлек негізгі жұмыстар су басу қауіптілігі жоғары жеке тұрғын үйдің аулаларына бағытталып отыр»,-деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. Ал, «Арнаулы автобаза» ЖШС басшысы Алмас Ізтілеуов бүгінде техникалардың барлығы қала аумағында жиналған жаңбыр суын тазалау үшін жұмылдырылғанын жеткізді. Бұл шаралар екі ауысыммен түнгі уақытта да жалғаса бермек.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button