ЖаңалықтарМедицина
Атырауға Астраханнан бес дәрігер келе жатыр
Atr.kz / 15 шілде, 2020 жыл. «Атырауға 16 шілде күні Астрахан облысынан бес дәрігер мен гуманитарлық көмек келеді», деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкин телефон арқылы сөйлесті. Игорь Бабушкиннің айтуынша, медициналық мамандардың құжаттары толық реттеліп, Ресей Үкіметі тиісті құжатқа қол қойған. Біздің аймаққа COVID-19 індетімен күресуде тәжірибесі бар инфекционист, реаниматолог, анестезиолог, эпидемиолог және пульмонолог мамандар жолға шыққан.
Аймақ басшысы губернаторға осындай қиын-қыстау кезеңде көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдірді.