Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯҚоғам

Атырауға арнайы рейспен екі облыстың студенттері ұшып келді (+ФОТО)

Atr.kz/26 наурыз, 2020 жыл. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасымен «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен бір топ студент Қарағанды қаласынан Атырауға ұшып келді.

Халықаралық әуежайдан оларды туған-туыстары күтіп алды. Бұл туралы «Atr.kz» тілшісіне өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Атырау мен Маңғыстау облыстарының 33 студенті кеше бірінші рейспен ұшып келді. Бүгін тағы 25 студент Атырау халықаралық әуежайына ұшып келеді.  

Бұдан бұрын бұл студенттер басқа студенттер секілді Варшавадан Қарағандыға жеткізілген болатын. Барлығы коронавируске қатысты арнайы тест тапсырды. “Варшава-Қарағанды” рейсінің жолаушылары екі күн карантинде болған Тест нәтижесі олардың дені сау екенін көрсетті. Облыс әкімінің орынбасары Ержан Әбілхановтың айтуынша, Польшадан Қазақстанға барлығы 207 адам оралған. 

— Басым көпшілігі шетелде оқып жүрген студенттер. Студенттердің біразы батыс өңірлерінен. Атырау облысынан 27, Батыс Қазақстаннан 19, жетеуі Ақтөбе және қалған алтауы Маңғыстау облысынан. Бәрі де инфекциядан аман, — деді Ержан Әбілханов.

whatsapp image 2020 03 26 at 09.44.59
whatsapp image 2020 03 26 at 09.44.58 1
whatsapp image 2020 03 26 at 09.45.00 1
whatsapp image 2020 03 26 at 09.44.58
whatsapp image 2020 03 26 at 09.45.00 2
whatsapp image 2020 03 26 at 09.45.00
whatsapp image 2020 03 26 at 09.45.01

— Махамбет Жолдасқалиұлының тапсырмасымен Теңізшевройл компаниясымен жиын өткіздік. Аталған компанияның әуе кемесін қолдануға шешім қабылдадық. Компанияның ұшағы Қарағандыдан Атырауға 27 атыраулық, 6 маңғыстаулық студентті жеткізді. 
ТШО компаниясының тағы бір рейсі 26 — шы наурыз күні Ақтөбе облысымен Батыс Қазақстан облысының  қалған студенттерін жеткізеді. Борт Орал қаласына қонады.

— ТШО компаниясы мен оның басшысы Имер Боннерге бастаманы қолдағаны үшін алғыс білдіремін. Үстемақы төлеу жөнінде ешқандай сұрақ туындаған жоқ. Екі рейсті де өз есебінен төледі. Барлық студенттер тегін ұшып келді,- деді Ержан Әбілханов. 

Өз кезегінде студенттердің бірінің анасы Татьяна Мохначева польшалық лицейде оқитын ұлының қуанышын жасыра алмады.

— Біз балаларымыздың аман- есен келгеніне өте қуаныштымыз. Олардың жағдайлары жақсы. Көрсеткен көмектері үшін облыс әкімдігі мен ТШО компаниясына алғысымыз шексіз,- деді Татьяна Мохначева. 

Барлық студент ұшақ қонған бетте арнайы тексерілді. Дене қызуы өлшеніп, сауалнама толтырылды. Олар енді 14 күн үй карантинінде болып, мамандардың ерекше қадағалуына алынбақ. Бұл – еліміздің Денсаулық сақтау министірлігі қойған талап.

Амандық АБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button