Атыраудың жергілікті бюджетінің 76 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған
«Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов облыстың дамуындағы негізгі басымдық – әлеуметтік саланы қолдап, халықтың өміріне қолайлы орта қалыптастыруға беріліп отырғанын айтты.
«2020 жылы жергілікті бюджеттің 76 пайызы осы мақсатқа бағытталды. Білім беру, денсаулық сақтау сынды аса маңызды салалар айрықша назарымызда», — деді ол.
Атап өту керек, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде. Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында тікелей эфирде, atyrau.gov.kz сайты және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде.