Қаңтар оқиғасы: Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов заңсыз бұйрық берген

72c074fe 6f41 4c8d ba18 fcba8b690cc1 870x400 1 Жаңалықтар

Әскери сотта Қорғаныс экс-министрі Бектановтың ісі бойынша тыңдау жүріп жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Одан бөлек, әскери сотта Қорғаныс экс-министрі Бектановтың ісі бойынша тыңдау жалғасуда. Тергеуге сәйкес, ол төтенше жағдай кезеңінде заңсыз бұйрық берген және стратегиялық нысандарды әскерилердің күзетінсіз қалдырған. Бұрынғы Қорғаныс министрі елімізде конституциялық тәртіп орнату жөнінде шаралар қабылдамаған», – деді Б. Асылов.

Сондай-ақ, ол сот Мұрат Бектановтың іс-әрекеттеріне түпкілікті баға беретінін және оның жазасын анықтайтынын атап өтті.

«Тәртіпсіздікке қатысқандар, әсіресе, Алматыда саны жағынан басым болған. Олар қоршауды бұзған, полиция мен Ұлттық ұлан күштерін басып, халыққа зорлық-зомбылық жасаған. Соның салдарынан қылмыскерлер қолынан адамдар қаза болған, қалалар тоналған және өртелген. Сондықтан Бектанов ұрыс жағдайында жасалған билікті асыра пайдалану бойынша айыпталып отыр (ҚК-нің 451-бабының 3-бөлігі). Сот оның іс-әрекеттеріне түпкілікті баға береді және оның жазасын анықтайды», – деді Бас прокурор.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз