
ЖаңалықтарМәдениетФОТОГАЛЕРЕЯШаһар шырайы
Атырауда театрдың төрт тарланына арнап ескерткіш қойылды (+ФОТО)
Бүгін, 19 қарашада Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры ғимаратының алдында театр және кино актерлері – Сабира Майқанова, Нұрмұхан Жантөрин, Асанәлі Әшімов және Хадиша Бөкееваға арналған ескерткіштердің ресми ашылуы өтті.
Салтанатты жиынды Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақтыгүл Хаменова құттықтау сөзімен ашты.
- Міне, бүгін театрдың төрт тарланына Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театырының алдынан ескерткіш ашылмақ. Бұл жай ғана сәулет өнерінің үлгісі немесе сәнді-салтанатты нысан емес, бұл — белгі. Атыраулықтардың мәдениет пен өнерге, оның өкілдеріне, аға ұрпаққа деген құрметінің белгісі, кез-келген ел үшін руханияттың маңыздылығын меңзейтін өскелең ұрпаққа деген өсиетінің белгісі! – деп, облыс әкімінің орынбасары жаңа нысанның мән-маңызын атап өтті.
Ескерткіштің лентасын — шараның арнайы қонақтары – көрнекті ақын, Махамбет және Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтардың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Светқали Нұржан мен Қазақстан және КСРО Халық әртісі, қазақ театр және кино өнерінің абызы — Қазақстанның Еңбек ері — Асанәлі Әшімов қиды.
«Атырау-Ақпарат»




