Ауысымдағы жұмысшылар қайда қалай дауыс береді?

20190508121257 Жаңалықтар

Atr.kz/20 мамыр, 2019 жыл. Атырауда 9 маусым күнгі президент сайлауында 40 мың ауысым жұмысшысының қай жерде дауыс беретіні талқыланды.

«9 маусым күні жұмыс істейтін ауысымдық жұмысшылардың көпшілігі Жылыой ауданы Теңіз мұнай-газ кен орнындағы үшінші буын зауытының құрылысы бойынша жұмыс жасайды. Теңіз құрылысшылары Жаңа Қаратондағы екі орта мектепте орналасқан сайлау учаскелерінде дауыс бере алады. Қарабатан жұмысшылары Геолог кентіндегі мектепке барады. Ауысым жұмысшыларын сайлау учаскелеріне жеткізуді автобус беретін мердігер компания өз мойнына алды», – деді Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманақұлов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз