Атыраудың бас мешітінде ересектерге арналған бір айлық дәріс басталды (+ФОТО)

2009 1 Жаңалықтар

Atr.kz/25-ақпан, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан қажы Мансұровтың бастамасымен орталық «Иманғали» мешітінде ересектер жамағатына арналған бір айлық семинар дәрісі басталды.

«Дәріс аясында қатысушылаға Құран оқу, дұға жаттау, жаназа оқу және намаз оқудағы кейбір үкімдер бойынша сабақ ұйымдастырылады. Осылайша, аптасына үш рет ұйымдастырылатын дәріс аға буынның діни ілімін арттыруға арналып отыр» деп хабарлайды islam-atyrau.kz.

2009 1

«Семинар халық арасында кәдеге қатысып жүрген ересектердің сұранысы негізінде ұйымдастырылып отыр. Яғни, семинар марқұмның жаназасын шығару, кебін пішу сияқты жоралғыларды мейілінше шариғат заңдылығына сай үйретуді көздеп отыр. Бір айлық дәріс соңынан кейін қатысушылар емтихан тапсырып, біліктіліктерін арттыратын болады» дейді Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров.

Ересектермен бірге, жастар жамағаты да қоса ілім алып жатқан семинардың ашылуында орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров арнайы дәріс оқып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

2009 3
2009 4
2009 5
2009 8
Фото – islam-atyrau.kz
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз