Атыраудың бас экономисі тағайындалды

whatsapp image 2021 03 15 at 19.59.23 1 Жаңалықтар

Айгүл Әжіғалиева Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Әжіғалиева Айгүл Теміртасқызы Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов актив жиынында айтты. 
Облыс басшысы Махамбет Досмұхамбетов Айгүл Әжіғалиеваның облыс әкімінің орынбасары лауазымы қызметін 10 жылдан астам уақыт абыройлы атқарғанын айрықша атап өтті. 

  «Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, халыққа мінсіз қызмет еткені үшін Айгүл Теміртасқызына алғысымды білдіремін»,-деген аймақ басшысы  жаңа қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мемлекеттік қызметшілерге ротация жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілген болатын. Аталған Жарлыққа сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарында бір лауазымды атқарып отырғанына сегіз және одан да көп жыл болған мемлекеттік саяси қызметшілер міндетті түрде ротациялануы керек. 

Осыған байланысты Әжіғалиева Айгүл Теміртасқызы  ҚР Президентi Әкімшілігінің келісімімен Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымынан босатылып, орнына Атырау облысы әкімінің орынбасары болып Таушов Нариман Бахытұлы тағайындалған болатын.

     Айгүл Теміртасқызы Әжіғалиева 1966 жылы Атырау облысының Дамбы селолық округінде дүниеге келген. Білімі жоғары, 1985 жылы Целиноград қаласының Қаржы-экономикалық техникумын, 1991 жылы Алматы қаласының Халық шаруашылық институтын қаржы қызметкері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Гурьев облыстық қаржы бөлімінің кадр жұмысы бойынша аға инспекторы болып  бастаған.  1985-1986 жылдары облыстық қаржы бөлімі бюджеттік бөлімнің тексеруші-инспекторы, 1986-1989 жылдары облыстық қаржы басқармасының бюджеттік  бөлімінің  аға  экономисі, 1989-1992 жылдары облыстық қаржы басқармасының бюджеттік бөлімінің  жетекші маманы болып жұмыс істеген.

1992-1993 жылдары облыстық қаржы басқармасының бюджеттік  бөлім бастығының  орынбасары, 1993-1995 жылдары облыстық қаржы басқармасының басқару аппаратын қаржыландыру,  әкімшілік органдары  және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім  бастығы, 1995-1996 жылдары облыстық қаржы басқармасы  бастығының міндетін атқарушы-бюджеттік бөлімнің  бастығы, 1996-1998 жылдары облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары-бюджеттік бөлімінің  бастығы болған. 
1998-1999 жылдары облыстық қаржы басқармасы бастығының міндетін атқарушы, 1999-2000 жылдары облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары-бюджеттік бөлімнің бастығы, 2000-2001 жылдары облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары, ал 2001-2002 жылдары облыстық қаржы басқармасының  басқарма бастығы, 2002-2005 жылдары облыстық қаржы басқармасы бастығының  орынбасары ретінде еңбек етті. 

2005-2006 жылдары Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары, 2006-2008 жылдары Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директоры, 2008-2010 жылдары Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының  бастығы,  ал 2010 жылдың маусым айынан бастап бүгінге дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етті. 

     «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен», «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалімен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталып,  «Құрмет» орденін алған.  

«Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі«

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз