Жарнама
ЖаңалықтарСарапTimeЭкономика

Атыраудың азық-түлік қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?

Atr.kz/7 тамыз, 2020 жыл. Қатерлі дерт аймақтың әлеуметтік ахуалын асқындырып жіберді. Жасыратыны жоқ, жұртшылық күнделікті тұтынатын тауарлар мен тағам түрлерінің қымбатшылығына қынжылады. Осы орайда жергілікті өнімдер қайда? Аймақ шаруагерлері сын шақта өздерін көрсете ала ма? Осындай және өзге де сауалдармен Қазақстан фермерлер қауымдастығы Атырау облыстық филиалының төрағасы Мұрат САРМАНОВҚА жолыққан едік.

ТЫСТАН ТАСЫМАЛДАНҒАН ТАУАР

– Алғашқы сауалым, облыс шаруагерлері аймақты ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамти ала ма?

М.САРМАНОВ: – Турасын айтайын, әзірге қауқарсыз. Өңірдегі өнім өндірушілердің өндірістік қуаты әлі әлсіз. Оның көптеген объективті де, субъективті де себептері бар. Бізге азық-түліктің дені сырттан жеткізіледі. Атыраулық ауыл шаруашылығы құрылымдары әзірге мұндай міндетті толық орындай алмай отыр. Бұл үшін оларды қатты сөгуге де болмас, бірақ, ащы шындық осы. Сондықтан, тыстан тауар тасы-малдайтын топтардың басын қосып, өнім түрлеріне жауапты жандар тағайындалуы тиіс. Тікелей тауар тасушылармен шарт жасап, күзде қоймаларды жаңа өнімге толтырып алу керек. Келісім барысында баға бағамы да пысықталғаны дұрыс. Кәсіпкер азды-көпті пайда табуы қажет. Бірақ, халықтың сатып алу мүмкіндігі ескерілгені жөн. Әйтпесе, қолжетімсіз тауар қажетсіз дүниедей бос қалады. Мұндай шараның тағы бір тиімділігі – жергілікті атқарушы билікпен нақты келісім жасалса, бұлар да өз тарапынан өзге облыстардағы өндіріс орында-рына тиянақты тапсырыс бере алуы. Сөйтіп, азық-түлік қозғалысының тұрақтылығына жол ашылады. Жалпы, қазір күнделікті тұтынатын 19 тағам түрінің бағасына шектеу қойылды. Бұлар – әлеуметтік маңызға ие азық-түліктер. Олармен негізінен халықтың табысы төмен топтары қамтылуы тиіс. Яғни, зейнеткерлер мен мүгедектер, көп балалы отбасылары және жалғызбасты аналар, өзге де әлсіз адамдар мемлекет тарапынан қолдауға ие. Бірақ, осы тағам жеткілікті болуы үшін облыс пен аудан орталықтарында шағын әлеуметтік сау-да орындарын орнықтырған жөн. Жоғарыдағы талаптарға сай азаматтар тізімге алынып, осындай орындарға тіркелгені дұрыс. Мұндай шара алыстан әкелінген азықтың кез келгеннің қолында кетпеуін қадағалау үшін қажет. Сонда ғана жасалып жатқан жақсылық нағыз мұқтаж жандардың қолына тиер еді. Осы орайда шаһардағы «Дәулет-нан» сауда жүйесінің нүктелерін үлгі етіп алуға болар.

 НӘТИЖЕСІЗ ШАРАЛАР

– Ау ы л ш а ру а ш ы л ы ғ ы өнімдерін өндірушілерге мем­лекет тарапынан жеткілікті қолдау көрсетіліп жатқан секілді. Бұған дейінгі жұмсалған қаражаттың қайтарымы қайда? Сырттан жеткізілетін ет п е н с ү т т і , қ а л б ы р ғ а салынған тауарларды ішкі нарықтан сырғытатын шақ жеткен жоқ па? Жергілікті көкөніске сұраныс бар ма?

М.САРМАНОВ: – Сұраныс бар. Тіпті, жоғары деуге бо­лады. Расында да, жергілікті өнімнің сапасына сенім мол. Шындығында, өз жайлауымызға бағылған мал етті де, сүтті де емес пе? Қызылқоға мен Қ ұ р м а н ғ а з ы ауд а н д а р ы н ­да төрт түлікті түгел өргізуге жағдай жеткілікті. Табиғаты қатаң аймаққа осы өңірлерді Жаратқанның өзі жарылқап бере салған. Шөбі де құнарлы. Тек жайылым мен шабындықты су­ландыру мәселесін шешу керек. Бұл туралы кейінірек кеңінен қозғармыз.

Тек сол қой-ешкіні, жылқы мен түйені, мүйізді ірі қараны бағатын ауылда адам қалды ма? Әсіресе, жастар жағы байырғы кәсіптен қол үзіп барады. Әзірге ата жолын таңдаған, әке таяғын ұстаған кейінгі толқын бар. Бірақ, тағы біраз жылдан соң солардың бәрі қалаға көшіп тынбай ма? Сонда шалғай елді мекендердің тағдырын кімге тапсырамыз? Қазір бұрынғы малбегілері кәнігі іспен шұғылдану үшін қарақалпақтарды жалдап жүр. Бұлар, әрине, шаруа жайын тын­дырып жатқан жоқ. Әйтеуір айтылған нәрсені орындайды.

Егіншілікке де қатысты осы жайды айтуға болады. Мәселен, Махамбет пен Индер аудандарын­да бау-бақша дақылдарын немесе көкөніс өсіруге мүмкіндік бар. Жайық тартылып бара жатқанын қаншама айтқанмен, оның суы қауын-қарбызбен қалалықтарды қамтуға жетеді. Ендеше, осы өзеннің бойында орналасқан өңірлер соны қолға алғаны аб­зал ғой.

Міне, ауыл шаруашылығына б ө л і н і п ж а т қ а н қ ы р у а р қаражаттың қайтарымы төмен, алынған шаралардың нәтижесі н а ш а р б о л ы п о т ы р ғ а н ы с о н д ы қ т а н . Ә р и н е , « м а л ­ды әркім қара басының қамы үшін бағады, егінді де өзі үшін өсіреді» деген де түсінік бар. Бұл – «қолың қимылдаса, аузың да қимылдайды» дегеннің қағидасы ғой. Жә, солай-ақ делік. Бірақ, мұның ар жағында тұтас елдің азық-түлік қауіпсіздігі тұрған жоқ па? Базар нарығында бағаны тұрақтандыру талабы бар емес пе? Сырттан жеткізілетін даяр өнімге ғана иек арту – қатерге бастайтын жол.

Рас, елімізде стратегиялық бағдарламалар жеткілікті. Бәрі де қағаз жүзінде қатып тұр. Жүйелі жүзеге асса, саладағы шаруа сауығып кетпек. Бірақ, соның жергілікті жерде орында­луы әлі пысықтауды қажет етеді. Турасын айтқанда, мемлекеттік басқару орындары мен шаруа­герлер арасында ортақ идеоло­гия, мақсат пен мүдде жоқ. Ақсап жатыр. Биік мінбелерде, ауызекі әңгімелерде айтылғанымен, іске асыруда ағаттық бар. Осы мәселемен шындап шұғылдануға жауапты тұлғалар іскерлік та­ныта алмай отыр. Сайып кел­генде, елді мекендерді көркейту, жұмыссыздықты азайту тура­лы деректер статистикалық құжаттарда қатып тұрғанымен, күнделікті өмірдің шындығына сәйкес келмейді.

А ш ы ғ ы н а й т қ а н д а , ш а руа ш ы л ы қ же т е к ш і л е р і бүгінгі күн талабына сәйкес ө н і м ө н д і ру ге қ ау қ а р с ы з . Олардың қазіргі қарекеті жеке тірлігін қаужаудан ауыспайды. Көптеген фермерлік нысандар­да тұрғын үйді жақсарту, қора- ауланы жөндеу, материалдық- техникалық базаны нығайту қажет. Тоқ көздерін жеткізсе де, дұрыс болар еді. Міне, осы істі реттеуге шаруагерлердің қаржылық қуаты жетпейді. Аз-мұз табысы малын бағу ш ы ғ ы н ы н а н , к ү н д е л і к т і тұрмысын түзеуден аспайды. Сонда олардан қандай қайтарым күтуге болады?

Әйтсе де, жоқтан өзгені айт­пай қол қусырып, қарап отыруға т а ғ ы б ол м а й д ы . А й м а қ қ а лайықты іс тындыруымыз ке­рек. Ауыл шаруашылығын дамытудың жүйелі жо спа­рын жасақтап, нақты нәтижеге жұмыстанған жөн. Қазір ортақ меже мен міндет тоғыспаған соң әркім өз еркімен әрекет етуде. Ал, бір жағадан бас шығарылмаса, күткендегідей көрсеткіш бола ма? Мал басын асылдандыруға, өнім сапасын жақсарту және санын көбейтуге жетелейтін тетік табылмай тұр. Кейбір ау­дандарда ауыл шаруашылығы бөлімі таратылыпты. Демек, малшыларды аралап, олардың жайын білетін мемлекеттік орын да қалмағаны ма? Ауыл әкімдерінің де шаруашылық же т е к ш і л е р і м е н б і рл е с і п , көлемді жобаларды қолға алып жатқаны байқалмайды. Бүгінде мемлекеттік және қаржылық, с о н ы м е н қ ат а р қ о ғ а м д ы қ ұйымдар мен малшылар арасы алшақтап, соңғылары жапандағы жалғыз үйдің күйін кешуде. Турасын айтқанда, өз жыртығын өздері жамауда. Мұндай жағдайда олардан жерлестеріне ұсынатын ет пен сүтті, өзге де өнімдерді дәметуге бола ма? Соларды сақтайтын тоңазытқыштары тоққа қосылмағандықтан тек­ке тұр.

Жақында «Атырау» газетінде шұбаттың қасиеті тура лы мақала жарық көрді. Жалпы, сүттен жасалған өнімдердің құнарлылығы жөнінде бағзы з а ма н н а н бе р і а й т ы л а д ы . Шұбаттың да, қымыздың да ерек­ше емдік қасиеті әлемдік меди­цинада әлдеқашан дәлелденген. Қазір қалалықтар шаһар сыр­тында саумал сататын орынға таң қараңғылығынан кезекте тұрады екен. Шұбат пен қымызы бар адамдарды талтүсте шаммен іздеп жүр. Құны қымбаттығына да қарамайды. Ал, осындай цех­тарды ертерек ұйымдастыруға болмас па еді? Мұндай шағын нысандарды кез келген ауылда пайдалануға беру ісі неге қолға алынбады? Қазір онсыз да, жа­сыратыны жоқ, бұл өнімдер елді мекендерде екінің бірінің үйінде сатылып жүр. Табалдырығын аттаған адамға бұрынғыдай су­сынын тегін ұсынып, алдынан шығатын қазақты кездестіру қазір қиын. Қайтесіз, бұл да – бүгінгі күннің шындығы. Ендеше, соны заңдастырып, кәсіпкерлік нысанына айнал­дырса ше? Малы бар мұндай жерлестерін жергілікті атқарушы билік бес саусақтай біліп отыр емес пе? Демек, мемлекет та­рапынан ұсынылып жатқан жеңілдіктерді қалай пайдалану қажеттігін ұғындырып, ауыл кәсіпкерлерінің қатарына қоспас па? Мен жоғарыда басқару орын­дары мен малбегілер арасында берік байланыс жоқтығын осын­дай себеппен айтып отырмын.

ШАҒЫН ШАРУАНЫҢ ШАМАСЫ ШЕКТЕУЛІ

– А т ы р а у д а а у ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы с а л а ­с ы н қ а р ж ы л а н д ы р у қанағаттандыра ма? Соның қайтарымы қандай?

М . С А Р М А Н О В : – Жалпы, республикада ауыл ш а р у а ш ы л ы ғ ы с а л а с ы н субсидиялаудың 40 шақты түрі бар. Біздің облысқа соның жеті-сегізі ғана жатқызылады. Жеңілдік көбіне асыл тұқымды мал өсіруші ірі шаруашылықтар мен көлемді егін өсірушілерге, өнім өндірушілерге және құрал- жабдық алушыларға тиімді. Әрине, аз. Бірақ, бізде соның өзін алып отырғандар саусақпен с а н а р л ы қ қ а н а . Ө й т ке н і , қаржыландыру талаптары қатаң. Әрине, мемлекет қаражаты текке желге ұшпауы шарт. Сондықтан, орынсыз тәуекелге баруға да болмайды.

Әйтсе де, осы қолдауды ие­ленуге шағын шаруаның ша­масы шектеулі. Сөз жоқ, ауыл шаруашылығын қаржыландыруға мемлекет тарапынан көп қаражат бөлінуде. Тек соның тиімділігі мен нәтижесі біз күткен деңгейде емес. Жаңадан іс бастап, топ жа­рып шыққандар тым аз. Мұның бірнеше себебі бар. Алдымен, не сиелеу бағдарламасы әр аймақтың табиғи ерекшелігіне, өндірістік қарқынына және даму көрсеткішіне қарай жасақталғаны жөн. Сонда қазір ұмыт қалған біраз нәрсе ескеріледі. Тіпті, әділеттілік орнар еді.

Одан әрі, шаруашылықтарды бастапқы, орта және қуатты ретінде үш топқа бөлген дұрыс. Бұл қаржыландыру тиімділігін арттырады. Мәселен, бүгінде несиенің басым бөлігін қуатты қожалықтар алып, өзгелері тыс қалып жатыр. Өйткені, орта деңгейдегілердің өздері банк талаптарын қанағаттандыра б е р м е й д і . А л , і с і н ж а ң а бастағандардың кепілге қояр түк мүлкі жоқ. Айталық, ірі құрылымдар 50 млн. теңгелік комбайндардың бірнешеуіне т а п с ы р ы с б е р с е , ш а ғ ы н ш а р у а ш ы л ы қ т а р д ы ң б е с миллионның тракторына да ша­масы жетпейді. Сонда ол шару­асын қалай шалқытпақ? Ертең- ақ еңсесі түсіп, қолын бір-ақ сілтемей ме? Міне, фермерлік қозғалысты қалыптастыруда кездесіп отырған кемшіліктің бірі осы. Демек, мемлекет тарапы­нан ұсынылып отырған қыруар қаражаттың қалай игеріліп жатқаны жан-жақты сараланбай­ды. Біз осындай ұсынысымызды жоғарыға жолдағанымызбен, әлі күнге қолдау таппай келеді. Әрине, қаржылық құрылым та­рапынан тәуекел де жоқ емес. Дегенмен, оны жеңілдетудің де тетігін ойластырған оралымды еді ғой.

Міне, осындай және өзге де себептермен көптеген шаруа­герлер несиелік бағдарламаларға қатыса алмай, басқаларға беріліп жатқан жәрдемге сырттай ғана қызығады. Мейлі, жеңілдетілген жәйлар көп шығар, бірақ, соның өзіне қол жетпейді. Ал, мұндай қолдауды қайтарымды санауға бола ма?

О с ы о р а й д а қ а р ж ы л ы қ құрылымдар атына айтар аз ғана базына бар. Мемлекет басшысының пәрменімен шағын бизнес нысандарын тексеруге мораторий жарияланды. Бұл – кәсіпкерлердің арына салынып отырған салмақ. Көрсетілген камқорлықты дұрыс сезініп, әркім адамгершілік пен адалдықтың ақ жолынан таймауы тиіс. Яғни, қазіргі сын шақта табысын жа­сырып, ортақ қорға қорқаулық таныту – нағыз масқарашылық. Мен әріптестерімді осындай қадамға бармауға шақырамын. Бірақ, екінші деңгейдегі бан­ктер тарапынан шаруагерлерге күмән да байқалады. Әр құжатқа шұқшия қарап, тырнақ астынан кір іздегендей әсер қалдырады. Содан арылу қажет. Мемлекет басшысының өзі бизнес иелеріне сенім артып, ісіне серпін беретін қадамға барып отырғанда, қаржыгерлер неге сенбестік танытады? Сондықтан, азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, яғни, ортақ мүдде жолы­на жұмылып отырғанда өзара түсіністік орнағанын қалар едік. Шаруашылық субъектілерін несиелеуді әлі де қолжетімді ету керек.

КӨШ ҚАЛАДАН АУЫЛҒА ТҮЗІЛЕ МЕ?

– Қазір ауылдан қалаға көшу үрдісі сақталуда. Ал, керісінше болуы мүмкін бе? Дипломмен селоға барушы еріктілер та­была ма?

М.САРМАНОВ: – Қазақ- тың жері кең байтақ, деген­мен, халық санының орнала­суы әркелкі. Оңтүстікте тығыз қоныстанғандықтан, мал жаятын орын тапшы. Ал, солтүстікте құйқалы қаншама жер бос жа­тыр? Егінге де жетеді, төрт түлікке де өріс табылады. Сондықтан, Арқаға беттеген көшті қостаймын. Мемлекеттік бағдарлама жалғасын тапса, күллі республика үшін игілікті іс болмақ.

Б і з д е д е Қ ы з ы л қ о ғ а ауданының малға жайлы жерінің үштен бірі ғана қолданыста. Кезінде ондаған отар қой мен бірнеше табын жылқы жайылған жайлаулар бос қалған. Халық шаруашылықтан қашып отырған жоқ, жағдай туғызылмай тұр. Сусыз жердің нуы болушы ма еді? Міне, осы мәселе көлденең тар­тылады. Ол орнымен шешілсе, адам атақонысты тастап кетер ме?

Жастарды тізгіндеп ұстап тұрудың қиындығын әркез айтып келемін. Бүгінгі ұл-қыз – кешегі біздер емес. Олар өркениетті қ а л а й д ы . Ұ я л ы т е л е ф о н ­мен әлемді шарлағысы, ин­тернетпен дүние жүзін кезгісі келеді. Жаһандану үрдісінен шет қалу жоқ. Бұған тыйым сала алмайсың. Ертелі-кеш мал соңына салып қоюға да пәрменің жетпейді. Ұнамаса, қолын бір-ақ сілтеп қаласына тартып тұрады. Дипломды мамандардың елді мекенге келгенімен, жерсініп кете алмауының бір сыры осын­да. Бұларға да мемлекет тара­пынан тиісті қолдау көрсетіліп жатыр. Бірақ, лайықты тұрмыс, жеткілікті назар керек-ақ. Үкіметтен ұсынылып отырған жеңілдіктер аз емес, әрине. Бірақ, жергілікті атқарушы билік басындағылар көзден таса етпеуі шарт. Сәл ғана шаруасын тын­дырып жіберсе, олар да өздерін жат сезінбейді ғой. Сол ауылдың бір мүшесі болып жүрмес пе? Оңтүстіктен солтүстікке көшіп барғандарға сондағы ағайын асарлатып үй тұрғызып, алдына мал салуға даяр екен. «Қоныс құтты болсын» деп амандасатын­дар қолдарына бір нәрсе ұстай келетін көрінеді. Орыстанып бара жатқан өңірдің өзінде осындай қазақы қағидамыздың қаймағы бұзылмай тұрғанда, дені өз ұлтымыздың ортасында оты­рып, келген мамандарымызды қамқорлай алмаймыз ба? Бұған ешкімнің жарлығы қажет емес, ауыл әкімінің ақылы да жеткілікті. Кабинеттен шығып, еңбек адам­дарымен етене араласса, барлық проблема алақандағыдай ашық көрінеді. Ал, шешелік бірлесіп. Кеңестік кезде аупартком хат­шылары мен ауатком төрағалары бір шопанға түстеніп, екіншісіне қона жатып қайнаған өмірдің ор­тасында жүрмейтін бе еді? Қазір ауылдағы қарапайым тұрғындар бүгінгі басшылардың түсін де танымайды.

Әрине, қанша жақсылық жасағанмен, қаладағылар ауылға үдере көше қоймас. Оның үстіне, шалғайдағы жастар да білікті білім, терең тәлім алғысы келеді. Қазір – оқудың заманы. Қатардан қалуға да болмас. Әйтсе де, бұл бағытта да өткеннің тәжірибесі ойға оралады.

Қазір қала мен ауылды алшақтатып кеткен бір жәй бар. Орта жастағылар, әсіресе аға буын жақсы біледі, кезінде кәсіпорындар шаруашылықтарды шефтік көмекке алатын. Сенбі- жексенбіде жиналып келіп, алқапты арам шөптен арыл­татын. Мал қораларын таза­лап беретін. Есесіне ертең ди­хандар мен шопандар соларды ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ететін. Арзан бағасына бау-бақша дақылдары м е н к ө к ө н і с т е р ж е т к і з і п беретін. Ет-сүттен тапшылық көрсетпейтін. «Қаланы ауыл асы­райды» деген қанатты сөз де сол шақта қалыптасқан. Осы қағида қазір күшін жойды ма? Ешкімге қажет емес пе? Асфальтта туған бала топыраққа табанын тигізіп өссе, Жер-Ананың қасиетін де бойына сіңіре бермей ме? Ал, мұндай ұл мен қыздың өскен ортасын өбектеп, халқын шын сүйген шынайы патриот болып өсеріне мен кепіл.

Міне, қазір қала мен ауылдың айырмашылығын айтқанда, осы­лай толғанамыз. Рас, бәзбіреулер бүгінде барлық кәсіпорындар м е н ф е рм е рл е рд і ң же ке ге көшкендігін, сондықтан әркім қарақан басының мәселесін өзі шешуі керектігін көлденең тар­тар. Жә, мұны да жөн делік. Б і р а қ , ау ы л ш а руа ш ы л ы қ құрылымдары аймақтың азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет істеуі тиіс емес пе? Қашанғы тыстан тасы­лар тағамға иек артып отыра­мыз? Егер әр облыс осы түйінді тарқата алса, ешкімнен еш нәрсе сұрамаса, жоғары жақтағылар ренжи қоймас. Әсіресе, қазіргі пандемия жағдайында жұртты жағалағанымыз жараспас. Міне, осы сын шақта қала мен ауылдың ауызбірлігі керек.

АТҚАРЫЛАР ІС КӨП

– С о н д а ж е р г і л і к т і а т қ а р у ш ы б и л і к а у ы л шаруашылығын шалқыту жо­лында жеткілікті шаралар­ды алмай отыр ма? Жалпы, мұнайлы мекенде нендей жұмыстар назардан тыс қалған?

М.САРМАНОВ: – Облыстық әкімдік қол қусырып қарап отыр деуге, әрине, ауыз бармайды. Шамасына қарай қарекет етіп жа­тыр. Рас, мына дендеген дерт көп нәрсеге мойын бұрғызар емес. Әйтсе де, аймақ басшысына әлі де батыл әрекет, тың көзқарас қажет. Жұмсалып жатқан қыруар қаржының қайтарымы болуы шарт. Сұхбатымыздың басын­да атыраулық фермерлердің бұл мәселеге әлі сүбелі үлес қоса алмай келе жатқандығын ащына айтқанмын. «Ауруын жасырғанмен, ажал әшкере» де­гендей, шындықты шаһар жұрты көріп отыр. Ендеше, осы орайда не істеу керек?

Бі р і н ш і д е н , а й м а қ басшылығының нақты нәтижеге бағытталған принципті ұстанымы болғаны жөн. Аудан әкімдерінен мал басының өсуі, егін алқаптарының артуы, соның нәтижесінде алынатын өнімді қадағалауы талап етілуі қажет. Орындалмай қалды ма, себебі сұралсын. Оның объективті де, субъективті де жағы бо­луы мүмкін. Ең бастысы – шаруагерлердің әлеуметтік- тұрмыстық және өндірістк ж а ғ д а й ы ауд а н м е н ау ы л әкімдерінің тікелей міндеті болуы тиіс. Осындай нақты қамқорлық қана шаруашылықтың қуатын арттырып, оның жетекшілерін е р т е ң г і к ү н н і ң ж е ң і с і н е жетелейді. Ортақ мақсатқа ұмтылыс екіжақты жүруі қажет қой. Жоғарыда аупартком және ауатком басшыларының шалғайдағы жайлау мен егін алқаптарын өздері аралайтын кеңестік кездегі тәжірибені тегін айтқаным жоқ.

Екіншіден, бірер ауданға 3000-5000 қой, т ағы екі өңірге 500-700 мүйізді ірі қара алып беріп, тәжірибелі малбегілеріне тапсырған дұрыс. Әрине, тегін жатқан дүние жоқ. Қаржыландыру орында­ры кепіл сұрайды. Сонда ша­руа адамдары не ұсына алады? Ал, фермерлердің қолдағы төрт түлігін алса ше? Сондай көлемде мал басын несиеге берсе, бағым да көбеймей ме? Қазіргі қозы қашан аяқтанып, пайдаға асқанша күтер болсақ, біраз уақыт текке кетеді. Оның үстіне, мал басын өз төлі есебінен өсіру жайы мәз емес. Демек, шапшаңырақ мол өнімге қол жеткізу үшін осы тәсіл тиімді тәрізді. Егіншілікке қатысты да осындай нақты шара­ларды ұйымдастыруға болар еді.

Үшіншіден, су мәселесін шешу керек. Жоғарыда айттым ғой, кезінде төрт түлік түгел жайылған Қызылқоға өңірінде жайылым тарылып ба­рады. Бос жер көп. Тек суару қажет. Атам қазақ «сулы жер – нулы жер» деп неге айтты дейсің? Желмаясымен халқына жайлы қоныс іздеген Асан қайғы осы аймаққа да таңдай қағып кеткен. Сол бабамыздың көзіне түскен құйқалы жеріміз қайда?

Ендеше, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жете игеру үшін аймақтағы барлық ауданға бір-бірден, яғни жеті құдық қазатын қондырғы алу қажет. Бізде жерасты сулары жеткілікті. Өзен-көлдер тарты­лып, түбі тайызданып жатқанда соларды пайдалану керек. Сол сулардың құрамын зерттеп, қорын анықтау бағытындағы ша­раларды батыл қолға алған абзал. Кезінде республикада құдықтар қазуға арналған арнайы ұсыныс та болды. Әзірге нәтиже шамалы. Бірақ, өзгеге қарамай, өзімізде жүзеге асыра берсек, біреу бөркімізді шешіп ала ма? Міне, осы шаруаны облыс басшылығы қолдағаны жөн. Әйтпесе, жеке шаруашылықтардың оған күші жетпейді.

Тө р т і н ш і д е н , п а н д е ­мия салдарынан өндіріс т о қ ы р а п , ж ұ м ы с ш ы л а р ы ақысыз демалысқа шығып жатқанда, олардың бетін ауыл шаруашылығына бұрсақ қайтеді? Мемлекеттен бөлінген аз ғана жәрдемақыны қанағат тұтып жата бергенше, бригадаларға бірігіп, қосымша шаруашылықтар құрса, қазіргі жарасымы сол емес пе?

Бесіншіден, аймақтағы ау ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы құрылымдарының 90 пайы­зы электр энергиясына неме­се табиғи газға қосылмаған. Соның салдарынан шаруагер­лер сауған сүттерін сақтайтын мүмкіншілікке ие бола алмай отырғандығын жоғарыда айт­тым. Әрине, шағын ғана ме­ке н д е р ге қ ы руа р қ а р а ж ат жұмсап, электр бағандарын тар­ту өзін ақтамайтын іс шығар. Дегенмен, бір жағдайын жасау қажет. Келешекте сол орындар­ды кеңейтіп, кешенді құрылым жасау да керек шығар. Соған даярлық қазірден басталғаны жөн емес пе?

Ал, әр малшыға 5-10 тек­ше метрлік газ құятын ыды­стар орнатып, соны пайдалануға т е х н и к а л ы қ қ ұ ж а т а л у ғ а жәрдемдесу – қолдан келетін іс. Тек атқарушы биліктің тиісті қызмет көрсету орындарымен мәмілеге келуі керек. Қазір газ тасымалдайтын арнайы көліктер барлық ауданда бар. Тапсырыс болса, барып құйып кетеді. Ендеше, нендей қиындық туын­дайды?

Қысқасы, аймақта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жеткілікті. Мемлекет басшысының өзі пандемия сал­дарынан тағам тапшылығы туындауы ықтималдығын айтып отырғанда, сол қатердің алдын алу үшін ауыл шаруашылығы жұмысшылары да жұмыла атсалысуға дайын.

Сұхбаттасқан: Меңдібай СҮМЕСІНОВ,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button