Атырауда жыл соңына дейін 72 көшеге жарық шамы орнатылады

789645312 Жаңалықтар

Бұл туралы облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Асан Нұрғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі уақытта Атырау қаласы бойынша 675 көшеде 25 874 жарық шамы жұмыс істейді. Оның ішінде 186 көшедегі 9467 дана коммуналдық басқарудағы, қалған 485 көшедегі 16407 дана жарық шамы «орталықтандырылған диспетчерлік пункт» арқылы басқарылады.

-Осы жылдың соңына дейін қала бойынша 72 көшеге 1848 дана, 2023 жылы 298 көшеге 7163 дана жаңа жарық диодты шамдарды пайдалануға беру жоспарланды. Ал Махамбет ауданы бойынша Ақтоғай, Есбол, Еңбекшіл, Ортақшыл ауылдарын, Махамбет және Сарытоғай ауылының жаңа мөлтек аудандарына көше жарығын жүргізу жоспарлануда. Бұл жобалар бойынша жобалық-сметалық құжат жасақталуда,- деді А.Нұрғалиев.

Оның айтуынша, Индер ауданы бойынша Есбол ауылындағы кірме, көше жарығын күрделі жөндеу жарықтандыру жобасы бойынша 1005 данада жарық шамын орнату жұмыстарын келер жылы аяқтау жоспарлануда. Ал Көктоғай ауылының бес көшесіне 197 данада, Бөдене ауылы Далабаев көшесі және кірме жолын жарықтандыруға 58 данада, Өрлік ауылының кірме жолын жарықтандыруға 66 данада жарық шамдарын орнату үшін жобалық-сметалық құжаты жасақталды. Мұнда да құрылыс жұмыстарын 2023 жылы жүргізіледі деп күтілуде.

Сондай-ақ өткен жылы Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылында кірме жолды жарықтандыру құрылысы жобасы шеңберінде 43 дана темір электр бағанасы және 1 дана 25 кВа трансформатор қондырылып, ұзындығы 1,2 шақырым электр желісі пайдалануға берілген. Ал Қоныстану мен Жанғалдин ауылдарында кірме жолды жарықтандырумен бірге ВЛ-0,4 кВ құрылысы жобасы бойынша 40 дана темір электр бағанасы мен жарық шамы және 1 дана 25 кВа трансформатор қондырылып, ұзындығы 1 шақырым электр желісі пайдалануға берілді.

– Сонымен қатар биыл Сағыз ауылының электр жүйелерінің құрылысы жобасы бойынша 280 дана көше жарығы шамдары пайдалануға берілсе, Тасшағыл ауылының кірме жолын жарықтандыру жобасы бойынша 30 дана темір электр бағанасы мен жарық шамы, ұзындығы 800 метр электр желісі пайдалануға берілді,- деді А.Нұрғалиев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз