Жарнама
ЖаңалықтарЭкологияҚұқық

Атыраудың ауасын ластағандарға 1,2 миллион теңге айыппұл салынды

Atr.kz/17 тамыз, 2020 жыл. Атырау  облысы аумағында 23-басталған «Таза Қазақстан » республикалық алдын- алу іс-шарасы одан әрі жалғасуда.

Полицейлер  құзырлы  мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесіп  өзендер мен көл жағажайларын, демалыс аумақтарды, тоғайларды  қатаң бақылауда.

  • “Аталған іс-шараны өткізудің басты  мақсаты –
  • экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, экологиялық жағдайды жақсарту, облыс тұрғындарына қоршаған ортаға, табиғатқа  қамқорлық танытуды түсіндіру. Әсіресе, адамдар көп жиналатын  Жайық өзен жағалаулары, Индер ауданындағы Тұздыкөл жағалауы Жылыой ауданындағы Қамыскөл  жағалаулары мен демалыс аймақтарына  рейдтік шаралар ұйымдастырылуда» деп хабарлады Атырау Полиция  департаментінің  бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Сонымен қатар,  іс-шара шеңберінде  қоршаған ортаның ластануына жол бермеу және осы бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес жауапкершілік  көзделгені туралы да  түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Атырау облысы аумағында тек  10-16 тамыз аралығында 106 экологиялық   әкімшілік құқық бұзушылық анықталып,   263 910 теңге мөлшерде  айыппұл салынды.

Жалпы «Таза Қазақстан»  іс- шарасы басталғалы облыс полицейлері 600-ге жуық  хаттамалар рәсімдеді,  атап айтқанда, жағалауларда
ішімдік ішу немесе  мас күйінде жүргендерге қатысты  -21,
жасыл желектерді бүлдірген -28, белгіліленбеген орындарда балық аулаған- 47, белгіленбеген жерлерде суға түскен  -247, темекі , қоқыс қалдықтарын тастағандарға қатысты   27 дерек  анықталып, құқықбұзушыларға барлығы 1миллион 242 680 тенге айыппұл салынды.

«Таза Қазақстан» республикалық шарасы 30 тамызға дейін жалғасады.

«Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button