Атыраудың ауасы АЛАҢДАТАДЫ

2cf670ebe29c9ac476c6f508d7237a90 Жаңалықтар

Atr.kz/23 қазан, 2020 жыл. Қолқаны қабатын мүңкіген иістен әбден зәрезап болған атыраулықтар дабыл қағуда. Жағымсыз иіс әсіресе, желдің бағыты қалаға соққан кездері қатты сезіледі. Осындай күндері үйлерінің есік, терезелерін жауып, тұмшаланған тұрғындар не істерін білмей әлек болады. Мұндай жағдай жуырда тағы да орын алды. Атырау мұнай өңдеу зауытының мұржасынан шығып жатқан түтінге қатысты әлеуметтік желіде бейнежазба тарады. Көпшілікті алаңдатқан мәселенің мәнісі неде? Ауаны ластап, қоршаған ортаға залалын тигізіп жатқан кімдер? Осы көкейтесті мәселе нысанаға ілінген еді.

Зауыттың залалы ма?

Осыжайтқабайланыстыбірқатар сала өкілдеріне хабарластық. Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Əлібек Бекмұхаметовтің айтуынша, құзырлы орынға 17 қазанда əлеуметтік желіде Атырау мұнай өңдеу зауытының мұржасынан шығып жатқан түтін мен жағымсыз иіске байланысты мəлімет түсті.

– Аталған дерек бойынша департамент қызметкерлері сол күні оқиға орнына барып, кəсіпорынның санитарлық қорғау аймағында болды. Арнайы құрылғымен ауа сынамасын алды. Зертханалық талдау нəтижесі бойынша, күкіртсутегі, азот оксиді, азот диоксиді, көміртегі оксиді жəне көмірсутек мөлшері шекті көрсеткіштен асқан жоқ. Метеопараметрлерге сəйкес желдің бағыты оңтүстік-батыстан соқты. Ауа температурасы 9 градусты көрсетті, – деді Əлібек Мұратұлы.

А л а й д а , с ұ х б а т т а с у ш ы м ы з көпшіліктің үрейін туғызған бұл жағдай елеусіз қалмайтынын атап айтты. «Осы бағытта қазір Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізу жұмыстары қолға алынды. Бұл тексеру 15 күнге созылады. Нəтижелері туралы қосымша хабарланады» деді Ə.Бекмұхаметов.

Түтін будақтап шыққан кезде күлімсі иіспен демалу мүмкін емес еді. Десек те, құзырлы орынның ауа сапасын тексергіш арнайы құрылғысы қала мен төңіректегі елді мекендерде бекітілген гигиеналық нормативтерге сай көрсетілген шектеулі концентрациядан асу дерегін анықтаған жоқ. Бұған алаңдаған атыраулықтар «құрылғы қателесуі мүмкін ғой» деген өкпе-назын да білдіруде.

– «Техника қателесуі мүмкін» дегенге келіспейміз. Өйткені, департаменттің арнайы құралы жыл сайын тексеруден өтіп тұрады. Бұған кқошүмəндануға негіз жоқ, – деді облыстың бас экологы.

«Зауытта апаттық шығарындылар ауаға таралуда» деп таратылған бейнежазбаға қатысты «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің қоғаммен байланыс қызметі де үнсіз қалмады.

–17-18 қазанда зауыт қондырғылары технологиялық режимде жұмыс жасады. Əлі де режиммен қызметін жалғастыруда. Апаттық жағдайлардың туындамағандығын хабарлаймыз. Технологияға сəйкес каталитикалық крекинг қондырғысы жану өнімдерінің атмосфераға енуіне жол бермейтін заманауи ВELCO (американдық технология) түтін газын тазарту жүйесімен ж а бд ы қ т а л ғ а н . Қ о р ш а ғ а н о рт а температурасының төмендеуіне байланысты түтін құбырларынан жылу ізі көрінеді. Атмосфераға ластаушы заттардың асып кетуіне жол берілмейді, – делінген зауыттың қоғаммен байланыс қызметі таратқан мəліметте.

Сонда қолқаны қабатын сасыған иіс қайдан шықты? Мамандардың айтуынша, мұндай иіс Атырау мұнай өңдеу зауытынан бөлек, «Тухлая балка», «Квадрат» булану алаңдарынан да шығады. Бұл жағымсыз иіс желдің бағыты қалаға соққан кезде қатты сезіледі.

Қоршауда қалған қала

Жасыратын не бар, қаланың айналасына мұнай-газ кəсіпорындары қаптап кеткен. Яғни, қала өндіріс ошақтарының қоршауында тұр. Атырау жылу-қуат орталығы, «ҚазТрансойл» компаниясының қазандықтары да бар. Олар ауаға тиісті мөлшерде зиянды зат шығару үшін арнайы рұқсат алады. Яғни, кəсіпорындар эмиссия үшін салық төлейді. Алайда, бұл салықтың адам саулығын сақтауда пайдасы бар ма?

– Кəсіпорындарға қанша айыппұл салынса да, бұл қаражат республикалық бюджетке түседі. Тұрғындар үшін олқылықтың орнын толтыратындай, өтемақы беретіндей немесе сауықтыру орындарына жіберетіндей жүйе де жоқ. Сондықтан, бұл мəселеге қатысты арнайы комиссия құрылып, мемлекеттік деңгейде шешілуі қажет, – деді аталған департамент басшысының орынбасары Сырым Тілегенов.

Қазір қоршаған ортаны қорғау – кезек күттірмейтін іс. Сондықтан, келесі жылы Экологиялық Кодекске өзгерістер енеді деп күтілуде.

– Ауаға лас шығарындыларын шамадан тыс жіберіп, заң бұзушылыққа жол бергендерге айыппұлдың көлемін 10 есеге дейін көтеру мəселесі алға қойылуда. Қазір табиғат пайдаланушыдан эмиссия үшін түсетін қаржы көлемі өте аз. Сондықтан, бұл қаржыны көбейтіп, оны табиғатты қорғау мен орын алған проблемаларды жүйелі түрде шешуге бағытталған жұмыстарға жұмсайтын боламыз, – деді С.Тілегенов.

Адам саулығы маңызды Мұнайлы өлке болған соң өңірге өндіріс орындары да қажет. Алайда, бірінші орында адам денсаулығы тұруы маңызды. Бұл туралы «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының төрағасы Азаматхан Əміртай Атырау өңіріне іссапарының бірінде айтты.

«Қазақтың талай арда ұлдары мен қыздары шыққан киелі өңір Атырауға бұл бірінші келуім емес. Бірақ, бұл жолғы сапар бұрынғылардан өзгерек. Алдымен, Атырау облысының басшыларымен кездестім. Тұщымды əңгіме болды. Одан кейін бұл аймақ тұрмақ, республика бойынша ірі кəсіпорын болып саналатын Атырау мұнай өңдеу зауытына бардым. Мəселе зауыттың қоршаған ортаға тигізіп жатқан зиянын білу, экологиялық жұмысымен танысу еді. Зауыт жаңарған, заманауи технологиямен жұмыс істеп тұр. Еуростандартқа сай өнім шығара бастаған. Жаман емес. Десек те, бəрібір айналаға тигізер залалы баршылық екен. Мұны ондағылардың өздері де мойындап отыр. Кем дегенде ауаға 20 мың тонна көлемінде зиянды қалдықтар шығарады. Осылайша, ауаның ластануы қала халқына үлкен əсер етіп жатыр. Мұнай өнімдерінің қолқаны атар иісі сөзсіз денсаулыққа кері зиянын тигізуде, – деген А.Əміртай бұл мəселеден шығудың да жолдарын ұсынды.

Б і р і н ш і с і , з ау ы т т ы қ а л а д а н алыс аймаққа көшіру. Осылайша, түтінге тұншыққан қала халқының денсаулығына араша түсу керек. Бірақ, бұл аса үлкен қаржыны қажет етеді. Екінші мəселе, зауыт сол орнында жұмыс істей береді, бірақ, фильтрлеу технологиясын орнатқан жөн. Бұл да аз ақша тұрмайды.

– Осы мəселеге қатысты зауыт басшылығының айтқан уəжі: «біз 2000 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Сондай-ақ, қоршаған ортаға зауыттың зияны тимеу үшін əрекет етудеміз. Батыстың жаңа технологиясын орнатып жатырмыз. Жағдай біршама жақсарған» дейді. Əрине, айтуы орынды. Мемлекет үшін маңызы ерекше кəсіпорынның жұмыс істеп тұрғаны бəрімізге керек-ақ. Алайда, адам денсаулығы одан да маңызды емес пе? – деді сұхбаттасушымыз.

P.S.

Мұнай-газ өнеркәсібімен тығыз қарым-қатынастағы өндіріс орындары жұмыс жасап тұрған өлкенің экологиялық жағдайы мәз емес. Шетелдік инвестиция есебінен мемлекет қазынасына қомақты қаражат түсіріп отырса да, Атыраудағы өндіріс орындары төңірегін көгалдандыру жұмыстарына мүдделі емес. Құзырлы мемлекеттік орындардың ұйымдастыруымен енді ғана көгалдандыру жұмыстарын қолға алу үшін жер телімдері бөлінуде.

Алайда, бұл телімдерге көшеттер егіліп, жас шыбық ауаны тазартатындай жайқалып өсіп болғанша атыраулықтардың әлі талай жыл мүңкіген иіспен өмір сүрулеріне тура келеді. Ал, жұтар жұпар ауаны қай кәсіпорынның ластағаны құзырлы орындардың арнайы тексеруінен кейін анықталады. Бұл редакцияның ұдайы назарында болады. Мәселеге қатысты түйінді ойларыңыз болса, бізбен бөлісіңіз, қадірлі оқырман!

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз