Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

Атыраудың экологиясын жақсартуға 41,4 млрд теңге жұмсалмақ

Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқовтың мәліметінше, 2025 жылға дейін Атырау облысында экология мен қоршаған ортаны жақсарту үшін 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Бұл туралы «Қазақпараттан» белгілі болды.

«Атырау облысында экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі Жол картасы дайындалды. Жол картасында 40 түрлі бағыт бар. Соған сәйкес, алдағы 5 жыл бұл мақсатқа 41,4 млрд теңге қажет. Оның ішінде 27,5 млрд теңге республикалық бюджеттен, 4,5 млрд теңге жергілікті бюджеттен, ал 9,4 млрд теңге жеке инвестициядан бөлінеді» дейді Нұрлан Жантоқов.

Оның айтуынша, экологиялық жобалар аясында «Сасық сай», «Квадрат» булану алаңдары қалпына келтіріледі. Сондай-ақ «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысының булану алаңы мен Атырау қаласының оң жағалауындағы кәріз тазарту құрылыстарын қайта жаңарту секілді

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button