Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

Жайықтың экологиялық мәселесін екі ел бірігіп шешпек

Аtr.kz/16 сәуір, 2020 жыл. Еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресейдің Табиғи ресурстар және экология министрі Дмитрий Кобылкинмен видеобайланыс арқылы кеңес өткізді. Онда Жайық өзенінің қазіргі жағдайы сөз болды.

Мағзұм Мырзағалиевтің мәлімдеуінше, өзен бассейіндерін сауықтыру бойынша екі ел ғалымдары жұмылып, сарапшылық орган құру жөнінде шешімге келген. Бұл ретте, жергілікті жұртшылықтың жалғыз  таза су көзі болып отырған өзеннің экожүйесін сауықтыру мен судың ағынын зерттеу шаралары қолға алынбақшы. Осы орайда, қос тарап сәуір айының соңына дейін орган құрамын нақтылап айқындауға уағдаласты.

«Қазір Жайық пен Ертіс өзендері бассейіндерін эко-сауықтыру мәселесі өткір тұр. Бұл бойынша арнайы бағдарламаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Жайықтың гидрологиялық режимін зерттеу жайы да күн тәрітбінен түспейді. Осы бағыттағы жұмыстар Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатыр. Бұл шаралардың бәрі де қазақстандық-ресейлік комиссия арқылы жанданатын болады» деді М.Мырзағалиев.

Сайып келгенде, бұл уағдаластық екі елдің су шаруашылығындағы ынтымақтастығын күшейтіп, трансшекаралық сулардың экологиялық жағдайын жақсартуға септігін тигізбек.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

200416105442490e
a43683d33b40f413228d54e3c6ed4a2f 12 896x504 1

«ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button