
Атыраудағы тұрғын үйде жарылыс болып, 3 адам зардап шекті
Атырау қаласы Балауса шағынауданындағы жеке тұрғын үйде табиғи газдың жылыту қазандығы жарылды, деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 10 қараша күні түнгі сағат түнгі 1-шамасында болған. Оқыс оқиға салдарынан 120 шаршы метр болатын үй отқа оранған.
Жарылыс салдарынан 3 адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жеткізілген.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының үш науқастың жағдайын хабарлады.
» Екі 2002 жылғы жігіттің бірі 90 пайыз дене күйігін алған, екінші 2002 жылғы жігіттің денесі 85-90 пайызға күйіп қалған. Екі пациент тыныс алу жолдарының бұзылуына байланысты вентиляторға қосылды. 1999 жылы туған қыз дәрігерлердің бақылауымен нейротравматология бөлімшесінде жатыр, науқас денесінің 25-30 пайызын күйік шалған» делінген хабарламада.
Өрт түнгі сағат 2-ден 15 минут өткенде оқшауланып, сағат 2-ден 40 кеткенде өшірілген.
Қызыл жалынды сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері, 6 техника және жедел жәрдем бригадасының 9 адамы, 3 техникасы жұмылдырылған.