Жарнама
ЖаңалықтарСарапTimeЭкономика

Атыраудағы теңіз туризмі қашан қолға алынады?

Atr.kz/17 наурыз, 2020 жыл.  Атырау жұрты асыға күткен жоба бар. Бұл – Каспий теңізінің солтүстік жағалауынан салынатын 500 орындық балалар лагері, демалыс орындары.

Исатай ауданының аумағынан бой көтеретін айлақта жанның жайлылығына қажеттінің бәрі болады, ірі нысандардан өзге, көңіл көтеру кешендері, ипподром, жасанды «құз», «Халықтар достығы» ауылы бой көтереді деп жоспарланды. Алайда, тың жақсы бастама аяқсыз қалатын секілді. Оның себебі неде?

ЖАНҒА ЖАЙЛЫ ЖЕР

Атырау облысының Каспийдің солтүстік ж а ғ а л а у ы н ж а ғ а л а й орналасқанын ескерсек, жергілікті жерде демалыс орнын ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Бұдан бұрын облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Гүлбаршын Арыстанова теңіз жағасынан салынатын 500 орынға есептелген ойынсауықтыру балалар лагері мен демалыс аймағының жобасымен таныстырған еді. Жоба көрер көзге ерекше тартымды көрінеді. Көлемі 300 гектарды құрайтын айлақтағы нысандардың өзіндік ерекшелігі бар. Ғимараттардың барлығы ұлттық нақышта салынатыны жобаланған. Мұны мамандар шетелден, оның ішінде Ресейден демалушылар көп келеді деп түсіндірді.

– Еліміздің ерекшелігі алдымен байқалып тұруы қажет. Оның үстіне теңіздің дәл осы тұсындағы құм ақ, әрі жұмсақ. Табиғат құбылысының маңыздылығы да ескерілуде, — деді басқарма басшысы.

Облыстық құрылыс және қалақұрылысы басқармасының тапсырысымен «Қолдау» ЖШС жалпы көлемі 500 гектарды құрайтын жер бедерінің топографиялық түсірілімін жасады. Демалыс орны 300 гектарды алатын жобаға сәйкес, бес аумаққа бөлінеді. Барлығы да бір
бірімен байланысты, біртұтас кешен ретінде қызмет жасайды. Жасақталған жобадан байқағанымыз, алғашқы аймақта коттедждер қалашығы орналасады.

Екіншісінде, 275 келушінің тынығуына мүмкіндік қарастырылған. Демалыс айлағы барлығы 3 мыңға дейін халықты қабылдай алады. Әкімшілік ғимараттар демалыс аймағының шығысында бой көтерсе, спорттықсауықтыру, қонақ үйлері де кезегімен салынып, этноауыл 13,3 гектар жерге орналасады.

СӨЗДЕН ІСКЕ КӨШСЕК…

Дегенмен, тамашалаған жанның таңдайын қақтырған жобаның ертеңгі тағдыры белгісіз күйінде қалуда. Оның себебін облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Амановтан сұрадық.

– 500 орындық балалар лагерінің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалды. Оны сараптамаға жіберер кезде арнайы техникалық шарттың қажеттілігі туындады. Мұндай құжат бұрын-соңды болмаған үлкен құрылыстарға жеке қарастырылып жасалады. Жоба ретінде бөлек жасақталып, құрылыс жөніндегі комитетке жіберілуі керек. Сараптамадан өткен соң, басшылықтың бұйрығымен бекітілуі қажет. Осындай тәртіптен кейін болашақ нысандардың жобасы сараптамаға жөнелтіледі. Қазір туындаған мәселеге байланысты жоба қабылданбауда. Бірақ, мәселе күн тәртібінен түспегеніне айрықша тоқталамын. Оны алдағы уақытта жүзеге асырамыз деген ойымыз бар, — деді сұхбаттасушымыз.

Жобада теңіз жағалауын жанға жайлы етуге маңыз берілді. Бірнеше аймаққа бөлінетін демалыс орнына инженерлікк о м м у н и к а ц и я л ы қ инфрақұрылым жеткізіледі деп жоспарланған. Бұл жоба Атыраудағы кәсіпкерліктің дамуына соны серпін береді. Мұнда келуші үлкенге де, кішіге де барлық жағдай жасалады. Атқа мініп қыдыруына, немесе жасанды «құзға» өрмелеуіне болады. Жергілікті 400 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бар. Жоспар бойынша балалар лагерінен басқасы инвесторлардың қаражатымен бой көтереді. Ал, жергілікті туризмді дамытуға білек сыбанып отырғандар аз емес.

Азамат БАЗАРБАЕВ

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-fitnes-ortaly%d2%9btar-ua%d2%9bytsha-zh%d2%b1mystaryn-to%d2%9btatty/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button