Жарнама
Жаңалықтар

АТЫРАУДАҒЫ «ШАҢЫРАҚ» ОТБАСЫ ҮЛГІСІНДЕГІ БАЛАЛАР АУЫЛЫ МЕКЕМЕСІНЕ УАҚЫТША БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мекемесіне конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін уақытша жаңа басшы тағайындалды.

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Telegram-каналында мәлім етті.  Бүгіннен бастап, «Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының ұжымына директордың уақытша міндетін атқарушы  Қасым Хадырұлы Мұқашев таныстырылды.  Қасым Хадырұлы  бұған дейін Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, Дағдарыс орталығы, №1 Сәбилер үйінде ұзақ жыл еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтаған маман.

shanyrak 2

  «Жаңа басшыға тәрбиеленуші балаларды қорғау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жайлы жағдай қалыптастыру бойынша тапсырмалар жүктедім. Қасым Хадырұлының еңбек жолында жинақтаған тәжірибесі «Шаңырақ» балалар ауылындағы қалыптасқан күрделі ахуалды реттеуге ықпалын тигізетініне сенемін. Балалар ауылы Атырау облысы әкімдігінің үнемі басты назарында екенін атап өткім келеді», — деді Ж.Бисембиев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button