Жарнама
Жаңалықтар

Атыраудағы “Сармат” мектебінде не болып жатыр?

Әлеуметтік желіде Атырау қаласындағы “Сармат” мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында оқушылардың ұстазы тарапынан қысым көріп, заңсыз ақша жинау, 18+ видеоларды көрсету, электрошокпен қорқыту секілді оқиғалар орын алғаны туралы шағымдар тарады. Бұл мәліметтер “Аналарға көмек қолдау” инстапарақшасында жарияланып, ата-аналардың WhatsApp чатындағы жазбалары арқылы белгілі болды.

img 4349
Screenshot

Ата-аналардың айтуынша, мұндай жағдайлардың кесірінен балалары мектепте оқуын жалғастырғысы келмейді.

Олар өз балаларының жанайқайын естіп, мәселені құзырлы органдарға жеткізіп, жағдайды шешу қажеттігін алға қойып отыр.

Бұл оқиғаларға қатысты облыстық білім беру басқармасына хабарластық.

-Атырау облыстық білім беру басқармасының тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Зерделеу жұмыстары аяқталған соң тиісті шаралар қабылданатын болады, — деп мәлімдеді басқарманың баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.

Ал облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулет аталған жағдайға байланысты қылмыстық істің тергеліп жатқанын жеткізді.

Бұл мәселе редакцияның назарында болады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button