!["Атырау-Индер" тас жолы тағы жабылады 1 16bd8472 5efd 4a36 829b 8f964fcfc525](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/16bd8472-5efd-4a36-829b-8f964fcfc525.webp)
Жаңалықтар
«Атырау-Индер» тас жолы тағы жабылады
Атырау өңірінде өр суының қарқыны басылар емес. Соған байланысты 22 мамыр сағат 21:00-ден бастап «Атырау — Индер» тас жолы тағы да уақытша жабылады. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.
Бұған дейін бұл жолға 6 су өткізгіш құбыр салынған болатын, қосымша тағы осындай 6 құбыр салынғалы отыр.
-Құбыр орнату жұмыстары шамамен 24-30 сағатқа созылады деп күтілуде. Жұмыстарға қосымша 30 адам және 50 техника жұмылдырылады, — делінген ресми хабарламада.
Айта кету керек, көлік жүргізушілері үшін балама жол — «Атырау — Хамит Ерғалиев — Махамбет» бағыты ашық.
Өз тілшіміз
Сурет: «ҚазАқпарат» агенттігінен