Жарнама
Жаңалықтар

Атыраудағы референдум учаскелерінің алдында азық-түлік жәрмеңкесі өтуде

Қала аумағындағы 40 референдум учаскесінің маңында азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылған,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Азаматтар тек дауыс беріп қана қоймай ет, сүт, нан өнімдерін, жеміс-жидек, тіпті қолөнер туындыларын арзан бағада сатып ала алады.

Кеңөзек ауылдық округінің тауар өндірушілері, шаруагерлер ұсыныс білдіріп, жәрмеңке ұйымдастырып жатырмыз. Оған 4 кәсіпкер қатысуда. Яғни, шаруа қожалықтары, ауылдағы
дүкендердің қызметкерлері қатысып, іс-шараны өткізуде, — деді Кеңөзек ауылдық округі әкімінің орынбасары Қайрат Хабиев.
Бұл жәрмеңкеде қала аумағындағы тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтарының өнімдері нарық бағасынан төмен бағада сатылып жатыр.

-Өз таңдауымды жасап, дауыс беріп шықтым. Мына жердегі жәрмеңке ерекшелік беріп тұр. Бұл маңда жақын жерде дүкен жоқ, келген адамдар керегін осы жерден алып кетіп жатыр, — деді қала тұрғыны Фархад Шагиров.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button