fa9584c5 64d0 4f0c 9fef afa5a75451bb

ШЕКТЕН ШЫҚҚАН ФЕЙК: «Дәрігерлер өлім-жітім көрсеткішін арттыру үшін пациенттерді ӨЖЖ аппаратына әдейі қосады»

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар Қоғам Құқық
8 / 100

Соңғы кезде коронавирусқа тексерілген адамдар ауруханаға жатқаннан кейін жағдайлары күрт нашарлап кететіні жөнінде «ватсапп» мессенджері мен «фейсбук» секілді әлеуметтік желілерде жалған видеолар белсенді таралуда…

«Atr.kz» сайты тұрғындарды мұндай негізсіз ақпараттарға сенбеуге шақырады және қазақстандық «stopfake.kz» сайты келтірген деректерге сүйене отырып, кеше ғана «ватсапп» арқылы тараған фейктердің ең қауіптісіне шолу жасап көрмек. Ендеше, кеттік!

Сонымен, қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өзін латвиялық фельдшер деп таныстырған әйелдің видеосын талқылауда. Оның мәлімдеуінше, дәрігерлер науқастарға өз бетінше дем алу мүмкіндігінен айыратын препаратты әдейі енгізеді. Айтуынша, бұл мүмкіндігінше көп адамды ӨЖЖ аппаратына қосу және өлім-жітім көрсеткішін арттыру үшін жасалады. Бұл фейк.

Видео кейіпкері «Нимбекс» препаратты атайды. Ондай препарат бар, бұл миорелаксант және ол бұлшық етті босаңсытады. Бұл науқасқа жасанды желдету қажет болған кезде керек. Айта кетейік, Қазақстанда бұл препарат қолданылмайды.

– Қазақстанда цисатракурия бесилат (Нимбекс) дәрілік препараты мемлекеттік тіркеуден өтпеген. Басқа миорелаксанттар да (пипекурония бромиді, рокурония бромиді, атракурия бесилаты) енгізілген «COVID-19 короновирустық инфекциясын» диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасында жоқ. Қазіргі кезде Қазақстанда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес, Нимбексті сатып алу және қолдану үшін құқықтық негіз жоқ, – деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ, ведомство миорелаксанттар науқастың жағдайы ауыр және қарқынды терапия бөліміне түскенде және оны өкпені жасанды желдету аппаратына қосу қажет болғанда ғана қолданылатынын хабарлады.

Мұндай препараттар адамның тыныс алуын машинаның жұмысымен «синхрондау» үшін қажет. Өкпені жасанды желдету – бұл аса қажет соңғы шара. Ол пациент өздігінен дем ала алмаған кезде және оның аман қалуы құрылғыға қосуға байланысты болғанда ғана қабылданады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған