Жарнама
Жаңалықтар

Атыраудағы Құрылысшылар күні: қалаға көрік қосқан жаңа нысандар

Атырауда Құрылысшылар күніне арналған мерекелік кеш өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев қатысып, аймақ басшысының атынан сала қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 0317

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында 40-тан астам құрылысшы Премьер-Министрдің, облыс әкімінің және мәслихаттың алғыс хаттарымен марапатталды.

– Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Биылдың өзінде 753 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 8,4 пайызға артық көрсеткіш. Жыл басынан бері 1 147 отбасы жаңа пәтерге қоныстанды. Мұның бәрі – сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің жемісі. Ел игілігі жолындағы жұмыстарыңызға табыс тілеймін, – деді Қайрат Нұртаев.

img 0319

Сала ардагері Кәрім Салықбаев 40 жылдық еңбек жолын мақтан тұтып, әрбір тұрғызылған ғимаратта өз қолтаңбасы қалғанын атап өтті. Ол жастарды абыройлы мамандықтан қорықпай, ел дамуына үлес қосуға шақырды.

Қазір облыс аумағында 36 көпқабатты тұрғын үй мен 16 мектептің құрылысы жүріп жатыр. «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынатын 9 мектептің үшеуі пайдалануға берілді, тағы үшеуі жыл соңына дейін аяқталмақ. Бұдан бөлек, жалпы облыста 1 090 орындық балабақша мен 15 денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button