Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Атыраудағы перинаталдық орталыққа жаңа жабдық алынды

Atr.kz/17 маусым, 2019 жыл. Облыстық перинаталдық орталық заманауи жаңа аппаратпен толықты.  Эксперт деңгейіндегі өкпеге вентиляция жасау құрылғысын алуға «ЭксонМобил Қазақстан Инк.» компаниясы демеушілік етті. Бұл жабдықтың атқаратын қызметі қандай? Ол не үшін қажет? Осы сауалдар жөнінде аталған орталықта өткен баспасөз-конференциясында айтылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Гүлнафис Таңбаеваның айтуынша,  перинаталдық орталықта жылына 16 мыңнан аса нәресте дүниеге келеді,  2500 ана мен балаға медициналық көрмек көрсету қажет болады.

«Өткен жылы балалар мен ересектер реанимациясы бөлімдерінен 2300 сырқат ем алып шықты. Орташа алғанда айында 160-170 ота жасалды.  Сырқат қатты ауруға шыдай алмай өліп кетуі мүмкін. Сондықтан, барлық ота жалпы анестезия арқылы жүргізіледі. Ота  кезінде өкпеге жасанды вентиляция жасау аппараты әрқашан дайын тұруы қажет. Жалпы, ана мен баланың өмірін қорғау – басты мақсат. Осы орайда «Денсаулық»  мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуында  аталған компанияның үлесі зор»  деді ол.

Мамандардың айтуынша, өкпеге  жасанды вентиляция жасау құрылғысы ана мен балаға қауырт жағдайда көмек көрсетуге зор мүмкіншілік береді. Сонымен қатар,  баланың неонатальды кезде ерте өлуін азайтуға қол жеткізеді. Аппараттың істен шығуы сырқаттардың жағдайларының нашарлауына жиі себепші болады.  Сондықтан, аталған жабдық бүгінде перинаталдық орталыққа аса қажет.

Айта кету керек,  облыстық денсаулық сақтау басқармасымен  ұзық жылдарға созылған ынтымақтастық аясында «ЭксонМобил» компаниясы  бұған дейін  денсаулық сақтау мекемелеріне бірқатар қолдау көрсетті.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Ақмарал САБИРОВА,

компанияның жұртшылықпен байланыс кеңесшісі:

Денсаулық сақтау саласы – компанияның әлеуметтік тұрғыда атқаратын шараларының басты бағыты. Осы тұста ана мен баланың өмірін қорғауға баса ден қойылды. Бүгінге дейін жетілмей туған нәрестелерді күтіп-бағу жабдығы,  құрсақтағы сәбидің жағдайын сапалы диагностикалайтын фетальды мониторлар және 11 «жедел жәрдем» көлігі табысталды. Бұдан басқа, медицина мекемелеріне жас мамандарды қызметке алуға қолдау көрсетілуде. Студенттердің медициналық жоғары оқу орындарында өте тапшы мамандықтарды игеруіне жағдай жасалды. Біздің инвестиция  өңір тұрғындарының саулығына айтарлықтай оң әсерін тигізеді деп сенеміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button