АТЫРАУДА ЕРЕКШЕ МЫСЫҚ ПАЙДА БОЛДЫ

lzhlzhlzhd Жаңалықтар

Атырауда тұзаққа түскен жабайы дала мысығы табиғатқа жіберілді.

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Нұрлан Иманғалиевтің айтуынша, жабайы дала мысығы шаруа қожалығының тұзағына түскен.

«Өткен демалыс күндері Атырау қаласының маңындағы шаруа қожалығының аумағында жабайы дала мысығы ұсақ жандықтар мен құстарды жарақаттаған. Сол кезде жабайы мысық тұзаққа түсіп қалған. Бірақ, шаруа қожалығының жетекшісі тосын әрекетке бармай, волонтерлерге жүгінген. Еріктілер бұл жөнінде облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясына хабарлады. Біздің инспекция инспекторлары еріктілермен бірге жабайы мысықты «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағына әкеліп, табиғи мекендеу ортасына жіберді» дейді Нұрлан Иманғалиев.

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз