COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Атыраудағы коронавирус жұқтырған 12 адамның жағдайы қалай?
Atr.kz/30 наурыз, 2020 жыл. Дәрігерлер Атыраудағы коронавирус жұқтырған он екі адамның жағдайы туралы баяндады.
Қазіргі таңда науқастар өзін жақсы сезінеді. Көп жағдайда ауру симптомсыз жүруде, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, науқастардың жағдайы қалыпты. Көпшілігінде ауру асимптоматикалық жағдайда өтуде. Ал, екі емделушіде құрғақ жөтел бар. Олардың барлығы тиісті күтіммен және емдік шаралармен қамтамасыз етілген.
30 наурызда Атырауда ауру жұқтырған тағы алты жағдай тіркелген болатын. Науқастар оқшауланып, арнайы медициналық мекемеге орналастырылды.
Аман ШАМАР