Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда бүгін ауаның жоғары ластануы күтілуде

Қазгидрометтің мәліметінше, 15 тамызда Қазақстанның үш қаласында ауаның ластануы артады.

Синоптиктердің болжауынша, түнде Алматы, Ақтөбе және Атырау қалаларының ауасында зиянды қоспалар көбейеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Синоптиктер тамыздың 15-і күні еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жариялады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button