Жарнама
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯШаһар шырайыЭкономикаҚоғам

Атыраудағы колледж студенттеріне арналған үш жатақхана да жыл аяғына дейін пайдалануға берілуі тиіс (+ФОТО)

Атырау облысының əкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасына сəйкес, əкім орынбасары Қайрат Бекенов облыс орталығындағы бірнеше əлеуметтік жəне инфрақұрылымдық нысандардың құрылыс барысымен танысты.

Облыс өңірінде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамуда. Бұл тұрғыда жергілікті өндірушілердің өнімдерін пайдалану — күн тəртібіндегі маңызды мəселелердің бірі. Атырау қаласындағы «АВЕ» корпорациясының темірбетонды құрылыс бұйымдарын шығаратын   өндіріс орнында болған кезінде темірбетонды панельдердің қасбеті эстетикалық жəне заманауи үлгіге сай жасалу қажеттігі жөнінде кəсіпорын басшылығына жəне жергілікті өндірілген құрылыс материалдарын тұрғын үй құрылысы барысында кеңінен қолдану қажеттігі жөнінде тиісті мемлекеттік мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.

img 20201219 wa0089
img 20201219 wa0088
img 20201219 wa0087

Осыдан кейін Қайрат Асқарбекұлы облыс орталығындағы бірнеше əлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен танысты.

Президентпен  жарияланған еліміздің стратегиялық дамуының бес бағыты бойынша  жүзеге асырылып жатқан студент жастарды жатақханамен қамтамасыз ету жоспарына сəйкес, көптеген нысандардың құрылысы жүргізілуде. Облыс орталығындағы кəсіптік бағдар беру колледждерінің студенттеріне арналған 3 жатақхана құрылысының барысымен танысу кезінде нысандардың жыл аяғына дейін пайдалануға берілуін қатаң бақылауға алуды тапсырды.

img 20201219 wa0084
img 20201219 wa0086
img 20201219 wa0085

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button