Атыраудағы ірі кәсіпорындар медициналық мекемелерге көмек көрсетіп жатыр

200320195138220e Жаңалықтар

Atr.kz/21 наурыз, 2020 жыл. Осылайша, атырауық ірі кәсіпорындар Елбасының үндеуіне қолдау білдірді.

«Атырау облысының жетекші кәсіпорындары, Елбасының коронавируске қарсы күрес қорын құру туралы мәлімдемесін толықтай қолдаймыз. Бұндай күрделі кезде ешкім ортақ істен тыс қалмауы тиіс. Біздің кәсіпорындардың ұжымдары эпидемия қатерін жете түсініп отыр және жауапкершілік танытып, азаматтық санаға сүйеніп, коронавируске қарсы күреске белсене атсалысуға әзір. Бүгінде біздің кәсіпорындарымыз медициналық мекемелер мен медициналық персоналға үлкен көмек көрсетіп жатыр. Қомақты қаражат бөлініп, оған қажетті медициналық жабдықтар, тепловизорлар, жеке қорғану құралдары сатып алынуда. Елбасының мәлімдемесі күрделі кезеңдегі жақсы жаңалық болып, рухани қуат береді» – делінген үндеу мәтінінде.

Сондай-ақ, ірі кәсіпорындар өкілдері әлеуметтік жауапкершілік танытатынын жеткізді.

«Біз талай қиын-қыстау заманды басымыздан кешіріп, әрдайым қиындықтарды жеңіп келдік. Әлеуметтік жауапкершілік танытып және қоғамымыздың бірлігін сақтап, біз бұл қатерлі инфекцияны да жеңеміз, азаматтардың денсаулығын жақсартамыз», – дейді олар.

Үндеуге «Тенізшевройл» ЖШС, «NCOC» компаниясы, «Ембімұнайгаз» АҚ сынды ірі кәсіпорындар қолдау білдірді.

Амандық АБДОЛ

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-әleumettik-osal-otbasylarғa-azyқ-tүlik-pen-tұrmystyқ-zattar-taratyldy-foto/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз