Жарнама
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯЭкономика

Атыраудағы газ-химия кешенінің құрылысы жалғасып жатыр (+ФОТО)

Atr.kz/18 наурыз, 2020 жыл.  Атырауда газ-химия кешенінің құрылысы жоспарға сәйкес жүріп жатыр.

Атырау облысындағы алғашқы интеграцияланған газ-химия кешені құрылысының бірінші кезеңін іске асыру жалғасуда. Бұл туралы «KPI Inc.» ЖШС басқарушы директоры Сағындық Лұқпанов мәлімдеді.

— Коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту мақсатында бүгінде компанияның шамамен 130 қызметкері қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Құрылыс алаңында жұмыс жалғасуда. Барлық сақтық шаралары қабылданды, жедел жәрдем пункттері, изоляторлар мен қажетті медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді. Компания қызметкерлері үшін іссапарлар тоқтатылды, жиналыстар бейнеконференция арқылы өткізіледі. Біз ешқандай проблема көріп отырған жоқпыз, — деді Сағындық Лұқпанов.

Ол атап өткендей, қажетті жабдықтар мен материалдарды сатып алу жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Жабдықтардың кідірісі Қытай-Қазақстан шекарасындағы «Қорғас» кедендік бекетінің жабылуына байланысты туындап отыр. «KPI Inc.» ЖШС басшылығы бұл уақытша құбылыс деп санайды. Кешен құрылысын уақытында аяқтау жоспарланған.

Еске сала кетейік, «KPI Inc.» ЖШС өз қызметін 2008 жылы бастады. Аталмыш компания «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркінің» арнайы экономикалық аймағының мүшесі болып табылады.

Амандық АБДОЛ

whatsapp image 2020 03 18 at 14.04.07 1
whatsapp image 2020 03 18 at 14.04.07 2
whatsapp image 2020 03 18 at 14.04.07 3

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button